"Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 105 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 мамырда № 5585 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 157 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 23.05.2016 № 157 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген мерзімде әділет органдарында мемлекеттік тіркеу өткізсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов

  Арқалық қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 105 қаулысымен бекітілген

"Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары, филиалдары мен өкілдіктері болмайды.
      3. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу болады.
      15. Міндеттері:
      1) ауыл шаруашылық саласында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;
      2) аграрлық саясатты іске асыруды тиімді қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешен саласында жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті табысқа себебші болу;
      3) орнықты даму және қайта өңдеуші өндірісті қолдау;
      4) ауыл шаруашылық өндірістің экономикалық өсуіне көмек көрсету;
      5) Қазақстан Республикасының заңында қарастырылған өзге де міндеттері.
      16. Функциялары:
      1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
      2) агроөнеркәсіптік кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асырады, агроөнеркәсіптік кешен кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
      3) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүзеге асырады;
      4) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын агроөнеркәсіптік кешенді, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жергілікті бюджеттік басым инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін жасау;
      5) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыруға жәрдемдеседі;
      6) агроөнеркәсіптік кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тартуға жәрдемдеседі;
      7) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      8) байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асырады;
      9) мамандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуі үшін жағдай жасау бойынша іс-шаралар әзірлеу;
      10) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерін әзірлеу;
      11) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
      12) ірі қара малына қолдан ұрықтандыру қызметтерін ұйымдастыру;
      13) ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу және есепке алу, тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру;
      14) ауыл шаруашылығы техникаларын басқару құқығына жүргізу куәліктерін беру;
      15) ауыл шаруашылығы техникаларының жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауын жүргізу;
      16) ауыл шаруашылығы техникаларының кепілін мемлекеттік тіркеу;
      17) ауыл шаруашылығы техникаларына ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы анықтама беру.
      18) мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) белгіленген заңдық ретте алу (сұраныс негізінде) статистика мекемесінен қажетті ақпараттық материалдар, жергілікті мемлекеттік басқарма мекемелерінен және басқа мекемелер, өз компетенция шамасында;
      2) мемлекеттік мекемелерге өз мүдделерін ұсыну, Қазақстан Республикасы заңымен әрекет етуші ұйымдармен сәйкес;
      3) ауыл шаруашылық аумағында Қазақстан Республикасы заңын бұзған жағдайда сотқа шағымдануына;
      4) өзгеде құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы заңына сәйкес;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және жұмыстан босатылады.
      20. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді және мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;
      2) қаржылық құжаттарда бірінші қол құқығы бар, шарттар жасасады, сенімхаттар береді;
      3) қызметкерлер арасында лауазымдық міндеттерін және олардың жауапкершілік дәрежесін бөледі және бекітеді, бюджеттік қаражаттарды нысаналы пайдалануды қамтамасыз етеді, мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      4) мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
      5) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес;
      6) заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;
      7) өзіне заңдарда, осы Ережеде жүктелген және уәкілетті орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкiлеттiктерiн ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын басатын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі.

      22. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      23. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады