"Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 5365 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 185 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 11.05.2016 № 185 қаулысымен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімі аппаратының басшысы Н.Н. Кимге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
2015 жылғы 13 қаңтардағы
№ 6 қаулысымен бекітілген

"Лисаков қаласы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Лисаков қаласы әкімнің және жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала әкімі және әкімдіктің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етеді.
      15. Міндеттері:
      1) мемлекеттік егемендігін, конституциялық саланы қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу;
      2) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;
      3) мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және қаладағы әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқару, осы мақсатта атқарушы биліктің барлық органдарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) қаланың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдары мен ауылдық округтер, кент, ауылдар әкімдерінің жұмысын талдау;
      2) қала әкімінің және әкімдігінің қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, Лисаков қаласы әкімінің ресми сайтын қолдауды және дамытуды қамтамасыз ету;
      3) қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, кент пен ауыл әкімдерінің аппараттарында атқарушы тәртіп жағдайына талдау жүргізеді және әкімді ақпараттандырады;
      4) қала әкімінің және әкімдігінің орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, беймемлекеттік бірлестіктермен өзара бірігіп жұмыс жүргізуін қамтамасыз ету;
      5) қала әкіміне бағынысты мемлекеттік басқару органдарының қызметіндегі өзара іс-қимыл мен үйлесімді қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ облыс, қала әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындау бойынша бақылауды жүзеге асыру;
      7) әкімнің, әкімдіктің, қала әкімі аппаратының қызметтерін құжаттамалық қамтамасыз етуді қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізуді жүзеге асыру;
      8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және есепке алу, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша;
      9) қала әкімінің және әкімдік мүшелерінің азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын жүргізуді ұйымдастыру;
      10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау;
      11) жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқару органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіру;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеу және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізу;
      13) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;
      14) құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан қала әкімінің, әкімдігінің және әкім аппаратының құзыреті шегінде қажетті ақпараттар, құжаттар және басқадай материалдар сұрату және алу;
      2) қала аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына өз құзыреті мәселелері бойынша қажетті тапсырмалар беру;
      3) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқадай ұйымдармен өзара бірігіп жұмыс жасау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құкықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшылықты "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді;
      2) "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      3) мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын аппарат жұмысшылардың еңбек туралы заңнамасына сәйкес тағайындайды, лауазымнан босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      4) "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      5) құзырет шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      6) өз құзыреті шегінде "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақша қаражатына иелік етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды;
      7) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын басатын тұлға жүзеге асырады.
      21. Лисаков қаласы әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады