"Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 44 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 наурызда № 5397 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 157 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 19.04.2016 № 157 қаулысымен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2 тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген ереженің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі М. Жүндібаев

  Лисаков қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 17 ақпандағы
№ 44 қаулысымен бекітілген

"Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы және ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ереже

      1. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылық және ветеринария салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы бар:
      Лисаков қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ветеринариялық станция" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      3. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі.
      11. Осы Ереже "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актiлермен табыстар әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджеттiң табысына жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің миссиясы: ауыл шаруашылық және ветеринария саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын орындауды жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      1) ауыл шаруашылық және ветеринария саласында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;
      2) ветеринариялық- санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;
      3) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (малды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастырады;
      4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеуді ұйымдастырады;
      5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;
      6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекітеді;
      7) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруді жүзеге асырады;
      8) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      9) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      10) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады;
      11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
      12) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      13) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастырады;
      14) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті қаланың әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізеді;
      15) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастырады;
      16) жеке қосалқы шаруашылығы бар болуы туралы анықтаманы беруді жүзеге асырады;
      17) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актілерін береді;
      18) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беруді жүзеге асырады;
      19) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеуді жүзеге асырады;
      20) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып, тiркеу, қайта тiркеуді жүзеге асырады;
      21) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беруді жүзеге асырады;
      22) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады;
      23) тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсынады;
      24) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады;
      25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ведомствоның функциялары:
      1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;
      3) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
      4) ветеринариялық анықтама беру;
      5) Қазақстан Республикасының ведомствасына қойылатын өзге де функцияларды орындайды.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін өз құзыреттілігі шегінде тиісті мемлекеттік басқару органдардан, статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелер мен кәсіпорындардан ақпаратты сұрату және алу;
      2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кедергiсiз (қызмет куәлiгiн көрсетiп) кiруiне;
      3) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысуға, сондай-ақ аталған фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
      4) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық және ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің басшылықты "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшысының өкiлеттiгi:
      барлық ұйымдарда мемлекеттiк мекеменiң мүдделерiн бiлдiредi және мемлекеттiк мекеменiң атынан сенiмхатсыз iс-әрекет етедi;
      қаржылық құжаттарда бірінші қол қою құқығы бар, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi;
      қызметкерлер арасында лауазымдық міндеттерін және олардың жауапкершілік дәрежесін бөледі және бекітеді, бюджеттік қаражаттарды нысаналы пайдалануды қамтамасыз етеді, мекеменің барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      мемлекеттiк мекеменiң iссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлердi оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтерудiң өзге де түрлерi жөнiндегi тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
      мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiне көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады;
      заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк етедi;
      өзiне заңдарда, осы Ережеде жүктелген және уәкiлеттi орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын басатын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      21. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      22. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жүргізуіндегі ұйымдардың
және оның ведомствосындағы тізбесі

      Лисаков қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ветеринариялық станция" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады