Мәслихаттың 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 418 "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 338 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қыркүйекте № 5874 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 201 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 07.02.2018 № 201 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі 8-бабының 1-1-тармағына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 418 "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-4-183 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 7 сәуірде "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбында, 1-тармағында және қосымшасында қазақ тілінде "ставкаларын" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерін" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгерілмейді;

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      "өңірдің нөмірі" деген сөздер "бағалау аймақтың нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы Д. Мироненко
      Қалалық мәслихат
      хатшысының міндетін
      атқарушы В. Сычева

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Лисаков қаласы әкімдігінің

      жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ____________________ Г. Чернова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады