Мәслихаттың 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 169 "Бірынғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 384 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда № 6148 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 201 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 07.02.2018 № 201 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 169 "Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-4-143 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбында және 1-тармағында қазақ тіліндегі "ставкаларын", "ставкалары" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      XХIII сессияның төрағасы А. Демисенов
      Қалалық мәслихат хатшысы Г. Жарылқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы

      бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер

      басқармасы" Республикалық мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін атқарушы

      ____________________ Ж. Утепова

      2015 жылғы 21 желтоқсан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады