"Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 63 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 мамырда № 5595 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 22.06.2016 № 120 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Ахметов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 63 қаулысымен бекітілген

"Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етiлуiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110107, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Первомайское ауылы, Октябрьская көшесі, н/ж.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi;
      11. Осы Ереже "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi.

      14. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауылдық округ әкімінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын орындау, елдегі әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқаруды жүзеге асыру;
      3) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асыру және ауылдық округ әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық–талдамалық материалдармен қамтамасыз ету;
      2) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
      3) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық актілерді жариялау;
      4) "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жай–күйіне және орындаушылық тәртібіне талдау жүргізу;
      5) "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізу;
      6) ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
      7) заңнаманың сақталмағандығы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану;
      8) аудан әкімі аппаратының бірыңғай қызметімен өзара қарым-қатынас жасау;
      9) әкімнің шығарған актілерін тіркеуді жүргізу;
      10) әкімнің актілерін тиісті дәрежеде ресімдеуді және таратуды қамтамасыз ету;
      11) "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде іс жүргізуді жоспарға сәйкес ұйымдастыру;
      12) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау;
      13) азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру;
      14) мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған шараларды қабылдау;
      15) жұмыстың үлгісі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
      16) мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету;
      17) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
      18) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізу;
      20) құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасау;
      21) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) осы Ережемен қарастырылған негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға құқығы бар;
      2) мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне түсініктемелер беру;
      3) "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округ әкімі жүзеге асырады.
      19. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:
      1) "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады;
      2) "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені әзірлейді, Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штаттық санын бекітуге аудан әкімдігіне ұсыныстар енгiзедi;
      3) "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      4) "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      6) "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін орындауға міндетті нұсқаулар береді, шешімдер мен өкімдер шығарады;
      7) ауылдық округ әкімімен қабылданған шешімдер мен өкімдердің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
      8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      9) "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарларға жолдайды;
      10) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      11) нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалар және басқа да құжаттардың жобаларын дайындау үшін жұмыс топтарын құрады;
      12) өз құзыреті шегінде "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақшалай қаражаттарына өкімдік етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды;
      13) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;
      14) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді орындайды.
      "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшадай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады