Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 "Амангелді ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 41 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 наурызда № 5482 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3137-баптарына сәйкес, Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 "Амангелді ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4499 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 наурызда "Аманкелді арайы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.У. Кеделбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Амангелді ауданының әкімі

Ж. Таукенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Амангелді аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрайымы
      ______________ А. Ибраева


Әкімдіктің 2015 жылғы
16 наурыздағы № 41
қаулысына қосымша


Әкімдіктің 2014 жылғы
28 ақпандағы № 64
қаулысына қосымша

Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар
 


 

Елді-мекендер
 

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
 

1.
 

Амангелді ауылы
 

А.Байтұрсынов және Ә.Дүйсенбин көшелерінің қиылысында орналасқан тақта.
 

2.
 

Есір ауылы
 

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
 

3.
 

Кемер ауылы
 

Ауылдың орталык көшесіндегі тақта.
 

4.
 

Қоғалыкөл ауылы
 

Ауылдың орталык көшесіндегі тақта.
 

5.
 

Ақкісі ауылы
 

Ауылдың орталык көшесіндегі тақта.
 

6.
 

Қарасу ауылы
 

"Амангелді ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жаныңдағы тақта.
 

7.
 

С.Есенбаев ауылы
 

Ауылдың орталык көшесіндегі тақта.
 

8.
 

Ә.Сыздықов ауылы
 

Ауылдың орталык көшесіндегі тақта.
 

9.
 

Ағайдар ауылы
 

Ауылдың орталык көшесіндегі тақта.
 

10.
 

Амантоғай ауылы
 

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
 

11.
 

Жалдама ауылы
 

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Жалдама жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
 

12.
 

Шақпақ ауылы
 

Ауылдық кітапхана ғимараты жанындағы тақта.
 

13.
 

Қарақұдық ауылы
 

Ауылдың орталык көшесіндегі тақта.
 

14.
 

Тасты аулы
 

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Тасты жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
 

15.
 

Қарынсалды ауылы
 

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Қарынсалды жалпы білім беретін негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
 

16.
 

Горняк ауылы
 

Ауылдық кітапхана ғимараты жанындағы тақта.
 

17.
 

Степняк ауылы
 

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Степняк жалпы білім беретін негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
 

18.
 

Үштоғай ауылы
 

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Рассвет жалпы білім беретін негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
 

19.
 

Ақсай ауылы
 

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
 

20.
 

Байғабыл ауылы
 

Ауылдық клуб ғимараты жанындағы тақта; "Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
 

21.
 

Жаңатұрмыс ауылы
 

Ауылдың орталық көшесінде орналасқан тақта.
 

22.
 

Жетібай аулы
 

Медициналық пункт ғимараты жанындағы тақта.
 

23.
 

Құмкешу ауылы
 

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
 

24.
 

Айтбай аулы
 

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Нарөлген жалпы білім беретін бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жаныңдағы тақта.
 

25.
 

Үрпек ауылы
 

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің эстетикалық бағыттағы Жаңаауыл жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
 

26.
 

Қосжан ауылы
 

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің М.Томашин атындағы Чапай жалпы білім беретін бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
 

27.
 

Ағаштыкөл ауылы
 

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Ағаштыкөл жалпы білім беретін бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
 

28.
 

Қарашатөбе ауылы
 

Ауылдың орталық көшесінде орналасқан тақта.
 

29.
 

Қабырға ауылы
 

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Н.Крупская атындағы жалпы білім беретін негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта
 

30.
 

Жаңатай ауылы
 

"Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің М.Әуезов атындағы Жанатай жалпы білім беретін бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта.
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады