Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 5 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 мамырда № 5613 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімінің 26.06.2015 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 5-тармағы 3) тармақшасына, 48-бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Амангелді әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 5 хаттамасына сәйкес, Амангелді ауданының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында Амангелді ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Қостанай облысы Амангелді ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесі жұмыс істеуінің төтенше жағдай режимі енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Т. Карбозовқа жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 


Ж. Таукенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады