Мәслихаттың 2015 жылғы 23 шілдедегі № 333 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 365 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қаңтарда № 6141 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 23 шілдедегі № 333 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5802 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндірілсін.";
      көрсетілген шешімнің 2-тармағы 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтініш;
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);
      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
      мүгедектігі туралы анықтама;
      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
      мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Кезекті он жетінші
      сессия төрағасы                            Е. Давлетов

      Аудандық
      мәслихат хатшысы                           Ә. Саматов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
      басшысының міндетін атқарушы
      _________________________ А. Ибраев
      2015 жылғы 23 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады