Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 мамырда № 5625 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімінің 28.09.2015 № 4 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 5-тармағы 3) тармақшасына, 48-бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Жангелдин әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылғы 21 мамырдағы №3 хаттамасына сәйкес, Жангелдин ауданының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында Жангелдин ауданының әкімі ШЕШТІ:
       1. Қостанай облысы Жангелдин ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
       2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесі жұмыс істеуінің төтенше жағдай режимі енгізілсін.
       3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Ш.С. Оспановқа жүктелсін.
       4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                 А. Кенжегарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады