"Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 224 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 маусымда № 5683 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 24 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 17.05.2016 № 24 шешімімен (қабылданған кезінен бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Жангелдин аудандық
      мәслихатының кезекті
      сессиясының төрағасы М. Карбозов
      Жангелдин аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Нургазин

  Мәслихаттың
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 224 шешімімен бекітілген

"Жангелдин аудандық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. Ережеге өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 15.03.2016 № 261 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Жалпы ережелер
      1. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Жангелдин аудандық мәслихатының қызметін және аудандық мәслихат депутаттарының жұмысын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 110600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 4.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      2. Мемлекеттік органның миссиясы,
      негізгі міндеттері, функциялары,
      құқықтары мен міндеттері
      14. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Жангелдин аудандық мәслихатының және депутаттардың қызметін қамтамасыз ету.
      15. Міндеттері:
      азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.
      16. Функциялары:
      1) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсу, шарт жасасу және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру;
      2) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.
      3. Мемлекеттік органның
      қызметін ұйымдастыру
      18. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы жүзеге асырады.
      19. Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады және қызметінен босатылады.
      20. Жангелдин аудандық мәслихаты хатшысының орынбасарлары болмайды.
      21. Жангелдин аудандық мәслихаты хатшысының өкілеттігі:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
      9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
      10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      11) алынып тасталды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 15.03.2016 № 261 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
      22. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аудандық мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.
      23. Аудандық мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, аудандық мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
      4. Мемлекеттік органның мүлкі
      24. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта
      ұйымдастыру және тарату
      27. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Джангельдинского районного маслихата"

Решение маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 27 мая 2015 года № 224. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 24 июня 2015 года № 5683. Утратило силу решением маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 17 мая 2016 года № 24

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 17.05.2016 № 24 (вступает в силу с момента принятия).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", Джангельдинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат Джангельдинского районного маслихата".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель очередной
      сессии Джангельдинского
      районного маслихата М. Карбозов
      Секретарь Джангельдинского
      районного маслихата С. Нургазин

  Утверждено
решением маслихата
от 27 мая 2015 года № 224

Положение государственного учреждения
"Аппарат Джангельдинского районного маслихата"

      Сноска. Положение с изменением, внесенным решением маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 15.03.2016 № 261 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      1. Общие положения
      1. Государственное учреждение "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" является государственным органом Республики Казахстан, обеспечивающий деятельность Джангельдинского районного маслихата и работу депутатов районого маслихата.
      2. Государственное учреждение "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями секретаря районного маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственого учреждения "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 110600, Республика Казахстан, Костанайская область, Джангельдинский район, село Торгай, улица Ыбырая Алтынсарина 4.
      10. Полное наименование государственного органа: – государственное учреждение "Аппарат Джангельдинского районного маслихата".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат Джангельдинского районного маслихата".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат Джангельдинского районного маслихата".
      Если государственному учреждению "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.
      2. Миссия, основные задачи, функции,
      права и обязанности государственного органа
      14. Миссия государственного учреждения "Аппарат Джангельдинского районного маслихата": обеспечение деятельности Джангельдинского районного маслихата и депутатов.
      15. Задачи:
      содействие исполнению гражданами и организациями норм Конституции Республики Казахстан, законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов.
      16. Функции:
      1) осуществляет организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение маслихата и его органов, оказывает помощь депутатам в осуществлении их полномочий;
      2) осуществляет иные функции, определенные законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) вступать в гражданско-правовые отношения с физическими и юридическими лицами, заключать договора и осуществлять иную деятельность, не противоречащую действующему законодательству;
      2) вести служебную переписку с государственными и негосударственными органами и организациями;
      3) осуществлять иные права и обязанности определенные законодательством Республики Казахстан.
      3. Организация деятельности
      государственного органа
      18. Руководство государственным учреждением "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" осуществляется секретарем Джангельдинского районного маслихата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" задач и осуществление им своих функций.
      19. Секретарь Джангельдинского районного маслихата избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии.
      20. Секретарь Джангельдинского районного маслихата не имеет заместителей.
      21. Полномочия секретаря Джангельдинского районного маслихата:
      1) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, обеспечивает составление протокола и вместе с председателем сессии подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;
      2) содействует депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов, и в избирательных округах;
      3) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;
      4) руководит деятельностью аппарата маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;
      5) регулярно представляет в маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;
      6) организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;
      7) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;
      8) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов маслихата, и депутатских групп;
      9) представляет маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;
      10) обеспечивает опубликование решений маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;
      11) исключен решением маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 15.03.2016 № 261 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
      12) осуществляет иные полномочия в соответствии с действующем законодательством Республики Казахстан.
      При отсутствии секретаря Джангельдинского районного маслихата по решению председателя сессии маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий маслихата или депутатом маслихата.
      22. Аппарат государственного учреждения "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" возглавляется руководителем аппарата районного маслихата, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      23. С истечением срока полномочий районного маслихата, в случаях досрочного прекращения полномочий районного маслихата и выборов нового состава его депутатов, деятельность государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" не прекращается.
      4. Имущество
      государственного органа
      24. Государственное учреждение "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      25. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат Джангельдинского районного маслихата", относится к коммунальной собственности.
      26. Государственное учреждение "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.
      5. Реорганизация и упразднение
      государственного органа
      27. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.