"Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүейктегі № 141 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қазанда № 5934 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 06.05.2016 № 50 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімi А. Кенжегарин

  Әкімдіктің
2015 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 141 қаулысымен бекітілген

"Жангелдин ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      1. Жалпы ережелер
      1. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу және есептілікті жүргізуді жүзеге асыратын, сондай-ақ аудандық коммуналдық меншікті басқару саласында функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110600 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 4 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      2. Мемлекеттік органның миссиясы,
      негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
      14. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қаржыны және аудандық коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты басқару, дамыту және жетілдіруге жәрдемдесу.
      15. Міндеттері:
      1) жергілікті бюджетті атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, аудандық коммуналдық меншікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      2) жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жасау, бюджеттік есепке алуды жүргізу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады, бюджет ақшасын басқаруды жүзеге асырады;
      2) аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді, аудандық бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізеді;
      3) түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемлер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді, өзгерістер енгізеді;
      4) аудан бюджетінің атқарылуы туралы, жергілікті бюджетінің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерді жасайды;
      5) бюджеттік шығыстарының атқарылуының бюджеттік мониторингін жүзеге асырады, аудан бюджетінің шығыс бөлігін орындау туралы талдамалы есепті жасайды, бюджеттік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жүзеге асырады;
      6) өз құзыреті шегінде бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды жүзеге асырады;
      7) аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады, аудандық коммуналдық мүліктің есебін ұйымдастырады, пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
      8) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу және жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      9) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;
      10) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      11) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
      2) тиісті бюджеттік комиссияның секвестрлеу туралы ұсынысын ескере отырып, азаматтық-құқықтық мәмілелердің тіркелуін жүзеге асыруды және секвестрлеу белгіленген бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдер жүргізуді тоқтатады;
      3) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында оның құзырына кіретін мәселелер бойынша жұмысын үйлестіреді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
      18. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жангелдин ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда меншік нысанына қарамастан "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      2) "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      3) "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      4) "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға дербес жауапты болады;
      5) бұйрықтар шығарады;
      6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      7) техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын, еңбек қатынастарының мәселелері оның құзыретіне жататын "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, жұмыстан босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға мадақтау шараларын қолданады;
      8) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      4. Мемлекеттік органның мүлкі
      21. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
      24. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады