Жітіқара ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 394 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 6161 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 шілдедегі № 44 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 01.07.2016 № 44 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 - бабына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Жітіқара ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессиясының төрағасы Н. Джафаров
      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы М. Кененбаева

  Мәслихаттың
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 394 шешіміне қосымша

Жітіқара ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары

№ р/с

Елді мекендердің атаулары

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары

1

Аққарға ауылы
Аққарға ауылы Набережная көшесіндегі алаңы

2

Большевик ауылдық округі
Тургенов ауылы Спортивная көшесіндегі стадионы

3

Волгоградский ауылы
Волгоградский ауылы Советская көшесіндегі саябағы

4

Жітіқара қаласы
Жітіқара қаласындағы Жамбыл атындағы саябағы

5

Забеловка ауылы
Забеловка ауылы Комсомольская көшесіндегі алаңы

6

Милютин ауылы
Милютин ауылы Степная көшесіндегі стадионы

7

Мүктікөл ауылдық округі
Мүктікөл ауылы Ленин көшесіндегі алаңы

8

Пригородный ауылы
Пригородный ауылы Автомобилист көшесіндегі алаңы

9

Приречный ауылы
Приречный ауылы Школьная көшесіндегі алаңы

10

Степной ауылы
Степной ауылы Сабуров көшесіндегі алаңы

11

Тимирязев ауылы
Тимирязев ауылы Чехов көшесіндегі алаңы

12

Тоқтаров ауылдық округі
Тоқтаров ауылында Школьная және Комсомольская көшелерінің қиылысындағы алаңы

13

Чайковский ауылы
Чайковский ауылы Набережная көшесіндегі алаңы

14

Шевченковка ауылы
Шевченковка ауылы Советская көшесіндегі алаңы

15

Ырсай ауылы
Ырсай ауылы Парковая көшесіндегі алаңы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады