"Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 268 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 қарашада № 5988 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 04.05.2016 № 99 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында қайта тіркеу қамтамасыз етілсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Исмағұлов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 268 қаулысымен бекітілген

"Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудандағы дене шынықтыру және спорт қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы: Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтармен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Павлов көшесі, 11а.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі " мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Қарабалық ауданда дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) дене шынықтыру және спорт кеңістігінде біріңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      2) дене шынықтыру және спортқа ауданның әр дәрежедегі тұрғындарын бейімдеу жағдайларын жасау;
      3) дене шынықтыру және спорт жүйесінің дамуы және жақсаруы үшін мемлекеттік қолдау жасау.
      16. Функциялары:
      1) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;
      2) аудандық деңгейдегі спорт түрлері бойынша жарыстар өткізеді;
      3) әртүрлі спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
      4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
      5) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      6) материалдық-спорттық базаның дамуын қамтамасыз етеді;
      7) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
      8) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      9) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;
      11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Ведомствоның функциялары:
      1) мектеп тәрбиеленушілерімен оқу-жаттығу және тәрбиелеу жұмыстарын тұрақты жыл бойы жүргізуге жағдай жасау;
      2) жасөспірімдер мен жастар арасындағы дене тәрбиесін жан-жақты дамыту және денсаулықты нығайтуға бағытталған дене тәрбиесі-сауықтыру мен қоса тәрбиелік жұмыс жүргізуді;
      3) жүйелі оқу процесін мамандандырылған спортпен шұғылдануға тарту үшін денсаулық жағдайының кемшілігі және медициналық терістеу айғақтары жоқ қабілетті балалар мен жасөспірімдерді анықтау;
      4) республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілген командалар мен оқушылар үшін оқу-жаттығу жұмыстарына және оқу-жаттығу жиындарына қаржы бөлу шегінде, ұзақтығымен 18 күнтізбелік күнге жарыстар өткізу.
      5) аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға командалар мен мектеп оқушыларын қатыстыру.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз қызметін басқа атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесуде жүзеге асыру;
      2) өзінің құзыреті шегінде заңнамамен бекітілген тәртіп бойынша (сауалдар негізінде) жергілікті мемлекеттік басқарулар және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдар алу;
      3) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар сатып алуға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өзінің ынтасын білдіру;
      4) "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақыруға.
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттер.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде басшылықты бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және онымен өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкер басшысы жүзеге асырады.
      20. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қарабалық ауданы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      21. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      2) "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға жеке жауапкер болады, күнтізбелік жоспар бойынша спорттық іс-шараларды өткізуге бөлінген бюджеттік қаржаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді;
      3) заңнамада белгіленген тәртіпте "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттігін белгілейді;
      5) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өкілдік жасайды;
      6) "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шараларға жеке жауапты болады;
      7) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттілік жүргізеді.
      "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарабалық аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады