"Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 75 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 мамырда № 5581 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 79 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 05.05.2016 № 79 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы М.А. Лаптевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі В. Ионенко

  Әкiмдіктің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 75 қаулысымен
бекітілген

"Боровское ауылы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауыл әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімнің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Жеңіс көшесі, 5.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
      2) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, азаматтардың құқықтық саналылығының және олардың елдің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенді азаматтық ұстанымдарының деңгейін арттыру;
      3) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асыру және ауыл әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық материалдармен қамтамасыз ету;
      2) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді жариялау;
      3) "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жай күйіне және орындаушылық тәртібіне талдау жүргізу;
      4) "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізу;
      5) ауыл әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
      6) "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін даярлау және қайта даярлауды, құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;
      7) әкімнің және әкімдіктің шығарған актілерін тіркеуді жүргізу;
      8) әкімнің актілерін тиісті дәрежеде ресімдеуді және таратуды қамтамасыз ету;
      9) "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде іс жүргізуді жоспарға сәйкес ұйымдастыру;
      10) қызметтік құжаттарды, азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
      11) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру;
      12) мемлекеттік тілді қолдануға бағытталған шараларды қабылдау;
      13) мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету;
      14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрауға және алуға құқығы бар;
      2) мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауыл әкімі жүзеге асырады.
      19. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкілеттіктері:
      1) "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады;
      2) "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін әзірлейді, Боровское ауылы әкімі аппаратының құрылымдары мен штат санын бекітуге аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
      3) "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      4) "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      6) ауыл әкімімен қабылданған шешімдер мен өкімдердің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты ұйымдастырады;
      8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      9) "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарларға жолдайды;
      10) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      11) өз құзыреті шегінде қаржылық құжаттарға қол қояды;
      12) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді орындайды.
      "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Боровское ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады