Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 358 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 қаңтарда № 6135 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 63 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 30.09.2021 № 63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындарын (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарды өндіру) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

      2. Мыналар:

      1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;

      оқу орнының мүгедек баланы үйде оқу фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;

      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіруге тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 28.05.2020 № 364 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Мәслихаттың 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 298 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы", (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5604 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырдағы "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия


төрайымы, аудандық


мәслихаттың хатшысы

З. Алдажұманова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Науырзым ауданының жұмыспен

      қамту және әлеуметтiк

      бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттiк мекемесінің басшысы

      ____________________ Ш. Абилова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады