Ұзынкөл ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 301 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 мамырда № 5606 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 20.05.2016 № 17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Ұзынкөл ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезектен тыс
 
сессиясының төрағасы
Н. Булатов
Аудандық
 
мәслихаттың хатшысы
В. Вербовой

      

  Мәслихаттың
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 301 шешіміне қосымша

Ұзынкөл ауданы аумағында бейбіт жиналыстар,
митингілер, шерулер, пикеттер мен
демонстрациялар өткізу орындары


р/с
Елді мекендердің атаулары
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары
1
Ұзынкөл ауылдық округі
Ұзынкөл ауылы Мүсірепов көшесі, 16 бойындағы орталық алаң
2
Бауман ауылдық округі
Бауман ауылындағы орталық алаң
3
Ершов ауылдық округі
Ершовка ауылындағы алаң
4
Карл Маркс ауылдық округі
Сокол ауылындағы орталық алаң
5
Киров ауылдық округі
Кировское ауылындағы орталық алаң
6
Киев ауылдық округі
Миролюбовка ауылындағы орталық алаң
7
Варваровка ауылы
Варваровка ауылындағы орталық алаң
8
Новопокров ауылдық округі
Новопокровка ауылындағы алаң
9
Петропавл ауылдық округі
Белоглинка ауылындағы орталық алаң
10
Пресногорьков ауылдық округі
Пресногорьковка ауылындағы орталық алаң
11
Россия ауылдық округі
Тайсойған ауылындағы алаң
12
Суворов ауылдық округі
Суворово ауылындағы орталық алаң
13
Федоров ауылдық округі
Федоровка ауылындағы алаң
14
Чапаев ауылдық округі
Речное ауылындағы орталық алаң
15
Троебратское ауылы
Троебратское ауылындағы орталық алаң
16
Ряжское ауылы
Ряжское ауылындағы алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады