"Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 46 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 ақпанда № 5353 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 128 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 25.04.2016 № 128 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31- бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес, Федоров ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Федоров ауданы әкiмiнің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Федоров ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы "Федоров ауданы әкiмiнің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 6 қаулысы жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппараты басшысының міндеттерін атқарушы Н.И. Ермоленкоға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Ахметов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 20 қаңтардағы
№ 46 қаулысымен бекітілген

"Федоров ауданы әкiмiнің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      1. Жалпы ережелер
      1. "Федоров ауданы әкiмiнің аппараты" мемлекеттік мекемесі аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Федоров ауданы әкiмiнің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Федоров ауданы әкiмiнің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
      5. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер оған бұл үшін заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      7. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы Федоров ауылы Калинин көшесі, 53.
      9. Мемлекеттiк мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Федоров ауданы әкiмiнің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
      2. Мемлекеттiк органның миссиясы,
      негiзгi мiндеттерi, функциялары,
      құқықтары мен мiндеттерi
      13. Миссиясы: аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      14. Мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттiк егемендiктi, конституциялық құрылысты қорғау мен нығайту, Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен аумақтық тұтастығын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi саясатын іске асыру;
      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік және экономикалық процестерін басқару, осы мақсатта жергілікті атқарушы органдардың барлық органдарының келісіліп қызмет етуді қамтамасыз ету;
      3) заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту, азаматтардың құқықтық санасын және елдің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді азаматтық ұстанымын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      4) ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуын, азаматтардың құқығын қорғау олардың заңды мүдделерін қанағаттандыру мәселесі бойынша аудандық мәслихатпен өзара әрекет ету;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттері.
      15. Функциялары:
      1) аппараттың жұмысын, әкімдік отырысын өткізуді, отырыстар, семинарлар мен басқа да іс-шараларын өткізуді жоспарлайды, олардың дайындығын және өткізуін ұйымдастырады;
      2) әкімдіктің қаулыларының жобаларын және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлейді;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің және аудан әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      4) заңнамаларды сақтамау, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шара қолдану;
      5) аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты жергілікті басқару органдарының қызметкерлерін кәсіптік дайындығы деңгейін, кадрлар саясаты мен мемлекетік қызметтің жағдайына талдау жүргізеді;
      6) қызметке тағайындау және босату кезінде материалдарды ресімдеу, мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты басқа да мәселелерді шешеді, кадрларды іріктеу және орналастыру, олардың жеке істерін жүргізу;
      7) аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін, аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды, тағылымдамадан өтуін, тәлімгерлікті ұйымдастырады;
      8) аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін, аудан әкімдігіне ведомстволық бағынысты атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін аттестациялауды ұйымдастырады және жүргізеді
      9) әкімдік пен әкім шығаратын актілерге тіркеу жүргізеді, оларға нөмір береді;
      10) әкімдіктің және әкімнің, консультативтік-кеңесші органдарының актілерін тиісті ресімделіп таралуын қамтамасыз етеді;
      11) құжаттамалық қамтамасыз етуді, соның ішінде тиісті құжат айналымын ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды ендіру және дамыту, іс қағаздарын жүргізу ережелерін сақтау және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту жолымен жүзеге асырады;
      12) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алуды және жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастырады;
      13) аудан әкіміне бағынысты мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді және өзара әрекет етуді қамтамасыз етеді;
      14) аудан әкімдігінің жанындағы консультативті-кеңесші органдарының қызметін қамтамасыз етеді;
      15) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен прогрес және діни жандандыру негізінде қоғамды біріктіру мақсатында өзара әрекет етеді;
      16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;
      17) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке тұлғалар туралы мемлекеттік базасына тіркеу туралы мәліметтер енгізеді;
      18) туу туралы куәлікті беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;
      19) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, ауылдық округтардың әкімдеріне тапсырма беруге;
      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан, лауазымды тұлғалардан "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне қойылған міндеттерді атқаруға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты белгіленген тәртіпте (келісім бойынша) сұратады және алады;
      3) тиісті аумақта мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс- әрекет жасайды;
      4) соттарда, тиісті аумақты басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынаста аудан әкімінің, әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының мүдделерін білдіру;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
      3. Мемлекеттiк органның
      қызметiн ұйымдастыру
      17. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылық жасауды, "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы жүзеге асырады.
      18. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және босатылады.
      19. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда және азаматтармен өзара қарым-қатынаста "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін білдіреді;
      2) "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
      3) "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жалпы басшылық жасау мен үйлестіруді жүзеге асырады, олар туралы ережені бекітеді, қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      4) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты бақылайды;
      5) "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
      6) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын жүзеге асырады;
      7) аудан әкімінің кадрлар саясатын іске асыруын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      8) аппараттың қызметкерлеріне міндетті орындауы үшін нұсқамалар береді;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде жүргізілген жұмыстарға дербес жауапты болады;
      10) әкім жүктеген басқа да функцияларды орындайды;
      11) "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы атқарады.
      20. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.
      4. Мемлекеттiк органның
      мүлкi
      21. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      22. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      23. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттiк органды қайта
      ұйымдастыру және тарату
      24. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима Федоровского района"

Постановление акимата Федоровского района Костанайской области от 20 января 2015 года № 46. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 4 февраля 2015 года № 5353. Утратило силу постановлением акимата Федоровского района Костанайской области от 25 апреля 2016 года № 128

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Федоровского района Костанайской области от 25.04.2016 № 128 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 25 августа 2014 года № 898 "О мерах по разграничению полномочий между уровнями государственного управления Республики Казахстан", акимат Федоровского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Аппарат акима Федоровского района".
      2. Отменить постановление акимата Федоровского района от 5 января 2005 года № 6 "Об утверждении положения о государственном учреждении "Аппарат акима Федоровского района".
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на исполняющую обязанности руководителя аппарата акима района Ермоленко Н.И.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района К. Ахметов

  Утверждено
постановлением акимата
от 20 января 2015 года № 46

Положение о государственном учреждении
"Аппарат акима Федоровского района"

      1. Общие положения
      1. Государственное учреждение "Аппарат акима Федоровского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акимата и акима района.
      2. Государственное учреждение "Аппарат акима Федоровского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Аппарат акима Федоровского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Аппарат акима Федоровского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Аппарат акима Федоровского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Аппарат акима Федоровского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя аппарата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима Федоровского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Юридический адрес государственного учреждения "Аппарат акима Федоровского района": 111900, Республика Казахстан, Костанайская область, село Федоровка, улица Калинина, 53.
      9. Полное наименование государственного учреждения государственное учреждение "Аппарат акима Федоровского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат акима Федоровского района".
      11. Финасирование деятельности государственного учреждения "Аппарат акима Федоровского района" осуществляется из районного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Аппарат акима Федоровского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат акима Федоровского района".
      Если государственному учреждению "Аппарат акима Федоровского района" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.
      2. Миссия, основные задачи, функции,
      права и обязанности государственного органа
      13. Миссия: информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акимата и акима района.
      14. Задачи:
      1) проведение в жизнь политики Президента Республики Казахстан по охране и укреплению государственного суверинитета, конституционного строя, обеспечению безопасности, территориальной целостности Республики Казахстан, прав и свобод граждан;
      2) реализация стратегии социально-экономического развития Республики Казахстан, осуществление основных направлений государственной социально-экономической политики и управление социальными и экономическими процессами в районе, обеспечение в этих целях согласованного функционирования всех органов местной исполнительной власти;
      3) осуществление мер по укреплению законности и правопорядка, повышению уровня правосознания граждан и их активной гражданской позиции в общественно-политической жизни страны;
      4) взаимодействие с аппаратом районного маслихата по вопросам обеспечения комплексного социально-экономического развития района, защиты прав граждан, удовлетворения их законных интересов;
      5) иные задачи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      15. Функции:
      1) планирует работу аппарата, проведение заседаний акимата, совещаний, семинаров и других мероприятий, организует их подготовку и проведение;
      2) разрабатывает проекты постановлений акимата, решений и распоряжений акима района;
      3) осуществляет контроль за исполнением актов и поручений Президента, Правительства Республики Казахстан, акима и акимата области, акима и акимата района;
      4) принимает меры по устранению выявленных нарушений, несоблюдения законодательства;
      5) анализирует состояние кадровой политики и государственной службы, уровень профессиональной подготовки служащих местных органов управления, подведомственных акимату района;
      6) оформляет материалы при назначении на должность и освобождении от должности, решает иные вопросы, связанные с прохождением государственной службы, подбором и расстановкой кадров, ведет их личные дела;
      7) организует стажировку, наставничество, оценку деятельности, повышение квалификации и переподготовку государственных служащих аппарата акима района, государственных служащих исполнительных органов, подведомственных акимату района;
      8) организует и проводит аттестацию государственных служащих аппарата акима района, государственных служащих исполнительных органов, подведомственных акимату района;
      9) ведет регистрацию актов, изданных акиматом и акимом, присваивает им номера;
      10) обеспечивает надлежащее оформление и рассылку актов акимата и акима, консультативно-совещательных органов;
      11) осуществляет документационное обеспечение, в том числе путем организации надлежащего документооборота, внедрения и развития информационных технологий, контроль за соблюдением правил делопроизводства и расширения сферы применения государственного языка;
      12) организует прием, регистрацию и учет обращений физических и юридических лиц, организует личный прием физических и представителей юридических лиц;
      13) обеспечивает взаимодействие и координацию деятельности органов государственного управления, подчиненных акиму района;
      14) обеспечивает деятельность консультативно-совещательных органов при акимате района;
      15) взаимодействует с общественными организациями и средствами массовой информации в целях консолидации общества на основе прогресса и духовного возрождения;
      16) проводит внутренний контроль за качеством оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      17) осуществляет регистрацию актов гражданского состояния и вносит сведения о регистрации в государственную базу данных о физических лицах в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      18) формирование индивидуальных идентификационных номеров при выдаче свидетельств о рождении;
      19) осуществляет иные функции в соответствии с действующим законодательством.
      16. Права и обязанности:
      1) давать поручения руководителям исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета, акимам сельских округов;
      2) запрашивать и получать в установленном порядке (по согласованию) от государственных органов, организаций, предприятий, должностных лиц информацию по вопросам, связанным с исполнением задач, поставленных перед государственным учреждением "Аппарат акима Федоровского района";
      3) взаимодействовать с государственными органами, организациями по вопросам повышения эффективности государственного управления на соответствующей территории;
      4) представлять интересы акима, акимата, аппарата акима района в судах, во взаимоотношениях с государственными органами, организациями по вопросам повышения эффективности управления на соответствующей территории;
      5) осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      3. Организация деятельности
      государственного органа
      17. Руководство государственным учреждением "Аппарат акима Федоровского района" осуществляется руководителем государственного учреждения "Аппарат акима Федоровского района", который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат акима Федоровского района" задач и осуществление им своих функций.
      18. Руководитель государственного учреждения "Аппарат акима Федоровского района" назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      19. Полномочия руководителя государственного учреждения"Аппарат акима Федоровского района":
      1) представляет государственное учреждение "Аппарат акима Федоровского района" во взаимоотношениях с государственными органами, организациями и гражданами;
      2) организует и руководит работой государственного учреждения "Аппарат акима Федоровского района" и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на него функций и задач;
      3) осуществляет общее руководство и координацию деятельности структурных подразделений государственного учреждения "Аппарат акима Федоровского района", утверждает положения о них, определяет обязанности и полномочия работников;
      4) организует работу по кадрам в соответствии с действующим законодательством о государственной службе и трудовым законодательством;
      5) подписывает служебную документацию в пределах компетенции государственного учреждения "Аппарат акима Федоровского района";
      6) осуществляет личный прием физических и представителей юридических лиц;
      7) организует и обеспечивает реализацию кадровой политики акима района;
      8) дает указания, обязательные для исполнения, работникам аппарата;
      9) несет персональную ответственность за проводимую в государственном учреждении "Аппарат акима Федоровского района" работу по противодействию коррупции;
      10) выполняет иные функции, возлагаемые на него акимом;
      11) в случае отсутствия руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Федоровского района" его обязанности исполняет руководитель отдела организационно-контрольной работы государственного учреждения "Аппарат акима Федоровского района".
      20. Государственное учреждение "Аппарат акима Федоровского района" возглавляется руководителем государственного учреждения "Аппарат акима Федоровского района" назначенным на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      4. Имущество государственного
      органа
      21. Государственное учреждение "Аппарат акима Федоровского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством. Имущество государственного учреждения "Аппарат акима Федоровского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат акима Федоровского района", относится к коммунальной собственности.
      23. Государственное учреждение "Аппарат акима Федоровского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.
      5. Реорганизация и упразднение
      государственного органа
      24. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима Федоровского района" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.