"Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 21/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 ақпанда № 4324 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 284/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 19.09.2016 № 284/7 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 қаңтардағы
№ 21/1 қаулысымен
бекітілді

"Павлодар облысының ауыл шаруашылығы
басқармасы" мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің ведомстволары жоқ.
      3. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкімдігінің қаулысымен бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесi, 61.
      10. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      11. Мемлекеттiк органның мемлекеттiк тiлдегi толық атауы: "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, орыс тiлiндегі толық атауы: государственное учреждение "Управление сельского хозяйства Павлодарской области".
      12. Мемлекет Павлодар облысы әкімдігінің тұлғасында "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi қызметiн қаржыландыру облыстық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      15. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы"
мемлекеттiк мекемесi қызметінің миссиясы, мақсаты, мәні,
негізгі мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. Павлодар облысында ауыл шаруашылығын дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің миссиясы болып табылады.
      17. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мақсаты: экономикалық өсімге жәрдемдесу және агроөнеркәсіп кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігінің сапалық жаңа деңгейіне қол жеткізу, ауыл шаруашылығын дамыту саясатын облыстық деңгейде жүзеге асыру, агроөнеркәсіп кешені саласында заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мониторингілеу мен талдауды қамтамасыз ету.
      18. Павлодар облысының аумағында ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi қызметінің мәні болып табылады.
      19. Міндеттері:
      1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) ауылшаруашылық өндiрiсті қолдаудың облыстық инфрақұрылымын дамыту;
      3) жетекшілік ететін салаларда кадрларды, байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
      4) Павлодар облысында ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар әзірлеу;
      5) Павлодар облысы ауыл шаруашылығының жетекшілік ететін салаларында мониторинг және болжау жүйелерін ұйымдастыру, оларды жүзеге асыру бойынша шаралар әзірлеу;
      6) Павлодар облысының ауыл шаруашылығы саласындағы басымдықтарды әзірлеу;
      7) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сапаны, сондай-ақ стандарттар мен регламенттерді сақтауды қамтамасыз ету;
      8) Павлодар облысы ауыл шаруашылығының нарықтық инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу.
      20. Функциялары:
      1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      3) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      4) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсiптік кешен кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      5) шығарылатын өнiм ассортименті бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
      6) агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру;
      7) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;
      8) азық–түлік тауарларын сатып алу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөніндегі комиссиялардың жұмысын үйымдастыру;
      9) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
      10) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
      11) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;
      12) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;
      13) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
      14) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
      15) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;
      16) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;
      17) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
      18) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту;
      19) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
      20) мыналар:
      агроөнеркәсіптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тарту;
      бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;
      мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу;
      21) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытудың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген жергілікті бюджеттік басым инвестициялық жобаларының және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін жасау;
      22) агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен дамуы үшін жағдай жасау;
      23) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      24) агроөнеркәсіптік кешеннің және ауылдық аумақтардың жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға беру;
      25) әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
      26) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде сатып алу және тауар интервенцияларын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жаңартылуын жүргізу туралы шешім қабылдау;
      27) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асыру;
      28) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияны құру;
      29) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      30) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      31) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізуі;
      32) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізу;
      33) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      34) облыс тұқымдар балансын жасау;
      35) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз ету;
      36) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
      37) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;
      38) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, с ұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      39) тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйiн бақылауды жүзеге асыру;
      40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілу;
      41) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
      тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
      әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындау;
      42) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
      43) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
      44) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      45) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:
      субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
      тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру;
      46) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      47) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
      48) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;
      49) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;
      50) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
      51) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;
      52) астық қабылдау кәсіпорындарын:
      бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді;
      астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау;
      53) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
      54) тиісті облыстың дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілерінің мемлекеттік астық ресурстарына азық-түліктік астық жеткізу мөлшерін жалпы түсімге проценттік қатынаспен бекіту;
      55) дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылау;
      56) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру көлемін бекіту үшін астық мұқтажын бәсекелестік секторы қамтамасыз етпеген өтінімдерді уәкілетті органға ұсыну;
      57) тендерлік негізде:
      ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын оларға өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын;
      мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнды оларға өткізу үшін нан пісіру ұйымдарын айқындау;
      58) астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу;
      59) астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын нысаналы пайдалануын бақылау;
      60) мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнның және нан-тоқаш өнімдерінің шекті бағасын айқындау және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пісіру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
      61) астық қабылдау кәсіпорындарының: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Заңына сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу қағидаларының сақталуын бақылау;
      62) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      63) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
      64) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;
      65) "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;
      66) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
      67) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;
      68) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту;
      69) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;
      70) астықтың, оның ішінде мемлекеттік астық ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
      71) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
      72) мемлекеттiк астық ресурстарының көлемi, құрылымы, оларды қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану қағидалары жөнінде ұсыныстар енгізу;
      73) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органына енгізу;
      74) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      75) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      76) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      77) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;
      78) мыналар:
      пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
      пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;
      79) агенттен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың тиiстi аумақтағы сақтандырылған өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi көрсетiлген тiзбесiн сұрату;
      80) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауы және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жаза қолдану;
      81) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асыру;
      82) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      83) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығару;
      84) ірi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөлу;
      85) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу;
      86) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар ету;
      87) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;
      88) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайда, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау;
      89) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
      90) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге функцияларды жүзеге асыру.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу бойынша облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң қарауына ұсыныстар енгiзу;
      2) "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiң алдына қойылған міндеттерді атқарумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты лауазымдық тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша заңнамамен белгiленген тәртiпте сұрату және алу;
      3) құқыққорғау және мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен құзыретіне жатқызылған мәселелер жөнінде өзара әрекеттесу;
      4) мемлекеттік органдарда, сотта "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мүдделерін білдіру;
      5) облыс тұрғындары арасында ауыл шаруашылығы мәселелері жөнінде ақпараттық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
      6) "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге отырыстар өткізу;
      7) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайлар анықталғанда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар құрастыру;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы"
мемлекеттiк мекемесiнің қызметiн ұйымдастыру

      22. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      23. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын бірінші басшы басқарады.
      24. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      25. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысының өкiлеттiктерi:
      1) барлық мемлекеттiк органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің атынан өкiлдік етеді;
      2) "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымын әзiрлеуді қамтамасыз етеді;
      3) "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің жұмысының келешектегі және ағымдағы жоспарларын бекiтедi;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасайды және ол үшін дербес жауап береді;
      5) "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлерiн лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлерiн көтермелеудi, оларға материалдық көмек көрсетудi, тәртiптiк жазалар қолдануды жүзеге асырады;
      6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің барлық қызметкерлерi орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi.
      "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      26. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      27. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi және коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      28. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      29. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен айқындалады.

4. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы
басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мүлкi

      30. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнде Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      31. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      32. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып аллынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өздегей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы"
мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)

      33. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      34. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн тарату (қысқарту) кезінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады