Павлодар облысының бюджеттік ұйымдары үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы

Павлодар облысы әкімінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 наурызда № 4334 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы N 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 27.01.2016 N 1 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 29-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді жұмсау мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып анықталсын.
      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен көзделген тәртіпте мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсынуын қамтамасыз етсін.
      4. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы шешім аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
      5. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімінің
2015 жылғы "20" ақпандағы
№ 1 шешіміне
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен
өткізуді Павлодар облысының мемлекеттік сатып
алуды бірыңғай ұйымдастырушысы жүзеге асыратын
тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімінің 27.08.2015 N 5 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Р/с №
Атауы
1
Сатып алуға бөлінген сома қосымша құн салығын ескере отырып, елу мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, төмендегілерді қоспағанда Павлодар облысының мемлекеттік мекемелері үшін жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу:
"Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ММ);
"Павлодар қаласының құрылыс бөлімі" ММ;
"Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ.
Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-нің, "Павлодар қаласының құрылыс бөлімі" ММ-нің, "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ-нің бастамасы бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы бола алады
2
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын тапсырыс берушінің бастамасы бойынша құны жиырма мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы бола алады
3
Сатып алуға бөлінген сома қосымша құн салығын ескере отырып, елу мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар үшін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды өткізу

      

Об определении единого организатора государственных закупок для бюджетных организаций Павлодарской области и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором

Решение акима Павлодарской области от 20 февраля 2015 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 04 марта 2015 года № 4334. Утратило силу решением акима Павлодарской области от 27 января 2016 года N 1

      Сноска. Утратило силу решением акима Павлодарской области от 27.01.2016 N 1.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 29 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 2) пункта 5 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О государственных закупках", в целях оптимального, эффективного расходования бюджетных средств принимаю РЕШЕНИЕ:
      1. Определить государственное учреждение "Управление строительства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Павлодарской области" единым организатором государственных закупок по Павлодарской области.
      2. Определить товары, работы, услуги, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором государственных закупок, согласно приложению к настоящему решению.
      3. Заказчикам, администраторам местных бюджетных программ в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан о государственных закупках, обеспечить предоставление заказчиком единому организатору государственных закупок на организацию и проведение государственных закупок необходимых документов, согласно действующего законодательства о государственных закупках.
      4. Государственному учреждению "Управление строительства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Павлодарской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:
      государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;
      в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего решения в территориальном органе юстиции направление на официальное опубликование в средствах массовой информации и информационно-правовой системе "Әділет".
      5. Государственному учреждению "Управление строительства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Павлодарской области" принять иные необходимые меры, вытекающие из настоящего решения.
      6. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на первого заместителя акима Павлодарской области Турганова Д.Н.
      7. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Аким области К. Бозумбаев

  Приложение
к решению акима
Павлодарской области
от "20" февраля 2015 года № 1

Перечень товаров, работ, услуг, по которым организация
и проведение государственных закупок осуществляется
единым организатором государственных закупок Павлодарской области

      Сноска. Приложение с изменениями, внесенными решением акима Павлодарской области от 27.08.2015 N 5 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

№ п/п
Наименование
1
Проведение государственных закупок работ и услуг для государственных учреждений Павлодарской области, в случае, если сумма, выделенная на закуп превышает сумму пятидесятитысячекратного месячного расчетного показателя, с учетом налога на добавленную стоимость, за исключением:
государственное учреждение (далее – ГУ) "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Павлодара";
ГУ "Отдел строительства города Павлодара";
ГУ "Управление строительства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Павлодарской области".
Единый организатор государственных закупок по инициативе ГУ "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Павлодара", ГУ "Отдел строительства города Павлодара", ГУ "Управление строительства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Павлодарской области" может выступить в качестве организатора государственных закупок товаров, работ, услуг
2
Единый организатор государственных закупок по инициативе заказчика, которым может являться государственное учреждение, государственное предприятие, может выступить в качестве организатора государственных закупок товаров, работ, услуг, стоимость которых превышает двадцатитысячакратного месячного расчетного показателя
3
Проведение государственных закупок работ в рамках Государственной программы инфраструктурного развития "Нұрлы жол" на 2015 - 2019 годы по бюджетной программе "Кредитование на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения" для государственных учреждений, государственных предприятий, если сумма, выделенная на закуп превышает сумму пятидесятитысячакратного месячного расчетного показателя с учетом налога на добавленную стоимость