Павлодар облысы Качир ауданының Маймасар, Пахомовка, Тихомировка ауылдарын және Песчанский совхозын тарату туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 24 ақпандағы № 1 қаулысы және Павлодар облыстық мәслихатының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 334/39 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 наурызда № 4376 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабы 2-тармағына, Качир ауданының өкілдік және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       Павлодар облысы Качир ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      мыналар:
      аумағын Качир ауданының Воскресенка ауылдық округі Березовка ауылының құрамына енгізе отырып, Маймасар ауылы;
      аумағын Качир ауданының Жаңа-Құрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылының құрамына енгізе отырып, Пахомовка ауылы;
      аумағын Качир ауданының Береговой ауылдық округі Зеленая Роща ауылының құрамына енгізе отырып, Тихомировка ауылы;
      аумағын Качир ауданының Песчан ауылдық округі Песчан ауылының құрамына енгізе отырып, Песчан совхозы есептік деректерден шығарылсын және таратылсын.
       Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
       Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Павлодар облысының әкімі Қ. Бозымбаев
      Сессия төрағасы Р. Гайнулин
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Берковский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады