Ақсу қаласында кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін ғимараттар беру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 245/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 сәуірде № 4438 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 62/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 31.01.2023 № 62/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 4-тармағына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін келісімшарт негізінде ғимараттар қосымшаға сәйкес берілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Қ. Нүкенов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі
№ 245/4 қаулысына
қосымша

      Сайлаушылармен кездесу өткізу ғимараттарының
тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 24.09.2020 № 711/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Ғимараттардың атауы

Орналасқан мекенжайы

1

2

3

1

Ақсу қаласы әкімдігінің "Сәбит Дөнентаев мәдениет сарайы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

Ақсу қаласы, М.О. Әуезов көшесі, 8

2

"Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы, Астана көшесі, 44

3

Ақсу қаласы әкімдігінің, "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Теплосервис – Ақсу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі, 5

4

Мәдени-бос уақыт орталығы

Ақсу қаласы, Комсомольская көшесі, 3

5

Ақсу қаласының әкімдігі "Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қалқаман ауылының мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

Қалқаман ауылы, Степная көшесі, 17

6

Айнакөл ауылының мәдени-бос уақыт орталығы

Айнакөл ауылы, Бірлік көшесі, 9

7

Ақжол ауылының мәдени-бос уақыт орталығы

Ақжол ауылы, Әбдіров көшесі, 3

8

Алғабас ауылының мәдени-бос уақыт орталығы

Алғабас ауылы, Советов көшесі, 4А

9

Береке ауылының мәдени-бос уақыт орталығы

Береке ауылы, Николай Бердников көшесі, 26А

10

Жолқұдық ауылының мәдени-бос уақыт орталығы

Жолқұдық ауылы, Центральная көшесі, 1

1

2

3

11

Ақсу қаласының әкімдігі "Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Евгеньевка ауылының "Достық" мәдени-сауық орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

Евгеньевка ауылы, Гагарин көшесі, 1

12

Еңбек ауылының мәдени-бос уақыт орталығы

Еңбек ауылы, Ақмешіт көшесі, 1

13

Мәмәйіт Омаров атындағы ауылының мәдени-бос уақыт орталығы

Мәмәйіт Омаров атындағы ауылы, Естай көшесі, 1А

14

Құркөл ауылының мәдени-бос уақыт орталығы

Құркөл ауылы, 40 лет Победы көшесі, 17

15

Қызылжар ауылының мәдени-бос уақыт орталығы

Қызылжар ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 1

16

Пограничник ауылының мәдени-бос уақыт орталығы

Пограничник ауылы, Целинная көшесі, 2

17

Сарышығанақ ауылының мәдени-бос уақыт орталығы

Сарышығанақ ауылы, Школьная көшесі, 9

18

Үштерек ауылының мәдени-бос уақыт орталығы

Үштерек ауылы, Абылайхан көшесі, 21


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады