Ақсу қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 329/44 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 сәуірде № 4439 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі N 14/2 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 14.04.2016 N 14/2 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. .Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, жергілікті жердегі жағдайларды ескеріп, Ақсу қаласында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін мынадай орындар анықталсын:
      жиналыстар, митингілер және демонстрациялар Әуезов көшесінде Сәбит Дөнентаев атындағы қалалық Мәдениет сарайы алдындағы алаңда, Набережная көшесіндегі алаңда, орталық қалалық саябақтағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері алаңында;
      шерулер мен пикеттер Әуезов және Набережная көшелерінде.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы А. Шалабаева
      Қалалық мәслихат
      хатшысы М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады