"Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 884/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 қыркүйекте № 4679 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 54/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 23.01.2018 № 54/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "31" шілдедегі
№ 884/8 қаулысымен
бекітілген

"Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Екібастұз қаласының аумағында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141203, Екібастұз қаласы, Екібастұз қаласының 50 жылдығы көшесі, 10.

      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел земельных отношений акимата города Экибастуза".

      11. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      12. Мемлекет Екібастұз қаласының әкімдігі тұлғасында "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жерді ұтымды және тиімді пайдалану мен қорғау үшін жағдайлар жасау, өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету.

      17. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өз құзырында нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету.

      18. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) жер құқығы қатынастары субъектілерінің Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын сақтауы;

      2) жер құқығы қатынастары субъектілерінің жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуі;

      3) жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізу.

      20. Функциялары:

      1) иесі жоқ жер телімдерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      2) жергілікті атқарушы органның жер телімдерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      3) мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

      4) жер телімдерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      5) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

      6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      7) қаланың және ауылдық аймақтың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен сұлбаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      8) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

      10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын жобалар мен сұлбаларға сараптама жүргізу;

      11) Екібастұз қаласы мен оның ауылдық аймағының жер балансын жасау;

      12) жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      13) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің паспорттарын беру;

      14) жер телімін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      15) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімдерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

      16) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      17) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;

      18) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

      19) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

      20) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстар жүргізу;

      21) жер телімдеріне құқық беру мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қабылдауды жүзеге асыру және олардың қарастырылуын бақылауды қамтамасыз ету;

      22) Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңнамасы шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарастыру;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде өзге де функцияларды іске асыру.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) қаланың басқа мекемелерінен, кәсіпорындары мен ұйымдарынан (келісім бойынша), оның ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан жер ресурстарын пайдалану мәселелері жөнінде қажетті ақпараттарды алу;

      2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      3) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарын, Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, облыс және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін іске асыру;

      4) қала әкімі мен қала әкімдігіне, қалалық мәслихатқа "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын жер қатынастарымен байланысты мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстарды қарастыруға шығару;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыру.

3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Екібастұз қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      24. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      25. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) қала әкіміне "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекітуге ұсынады, оның құрылымы мен штаты бойынша ұсыныстар жасайды;

      2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, өзге де мемлекеттік ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

      3) қала әкімімен және оның орынбасарларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

      4) мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын орындауды бақылайды;

      5) "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      6) "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      7) "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіпте ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады;

      8) "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      9) "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмысты ұйымдастырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолдану үшін дербес жауапты болады;

      11) "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің төлемдерін өткізу бойынша, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына қазынашылық органдарымен тоқсан сайынғы салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.

      27. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      30. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      32. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады