"Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1325/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қарашада № 4784 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 54/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 23.01.2018 № 54/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "30" қазандағы
№ 1325/11 қаулысымен
бекітілген

"Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласының құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141201, Екібастұз қаласы, Масығұт Дүйсенбаев атындағы көше, 34.

      10. Мемлекеттiк мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел строительства акимата города Экибастуза".

      11. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      12. Мемлекет Екібастұз қаласының әкімдігі тұлғасында "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы ереже "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      16. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өз құзыреті шегінде Екібастұз қаласының аумағы мен ауылдық аймақта құрылысты және қайта жаңартуды ұйымдастыру, мониторинг жүргізу, үйлестіру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      17. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты Екібастұз қаласының аумағы мен ауылдық аймақтағы құрылысты және қайта жаңартуды ұйымдастыру, мониторинг жүргізу, үйлестіру саласында ықпалдасу болып табылады.

      18. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні қалалық деңгейде Екібастұз қаласының аумағы мен ауылдық аймақта құрылысты және қайта жаңартуды ұйымдастыру, мониторинг жүргізу, үйлестіру саласында мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыру болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) барлық деңгейдегі бюджет есебінен қаржыландырылатын нысандардың құрылысы және қайта жаңартылу үдерісін ұйымдастыру, бақылау және мониторинг жүргізу;

      2) барлық деңгейдегі бюджет есебінен қаржыландырылатын нысандардың құрылысы және қайта жаңартылу сапасына бақылауды қамтамасыз ету;

      3) нысандардың құрылысына және қайта жаңартылуына бюджеттерінің барлық деңгейлерінен бөлінген қаражаттың толығымен игерілуін қамтамасыз ету.

      20. Функциялары:

      1) коммуналдық меншік, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени маңызы бар нысандардың құрылысы мен қайта жаңартылуы бойынша тапсырыс беруші ретінде қатысу;

      2) нысандардың құрылысы мен қайта жаңартылуына қатысты мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды өткізу;

      3) нысандардың құрылысы мен қайта жаңартылуы бойынша мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша шарттарға отыру;

      4) барлық деңгейдегі бюджеттердің қаражаты есебінен нысандардың құрылысы мен қайта жаңартылуы бойынша тапсырыс беруші функцияларын атқару;

      5) бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес құрылыс, қайта жаңарту жобаларын іске асыруды қадағалау;

      6) "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыреті бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, қарау және орындалуын бақылау;

      7) құрылыс қызметі саласында мемлекеттік және жеке меншік мүдделерді қорғау мәселелерінде Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылда болу;

      8) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды орындау.

      21. Құқықтары мен мiндеттерi:

      1) нысандардың құрылысы, қайта жарақтау мәселелері бойынша әдістемелік басшылық жасау және қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      2) қала әкімдігі мен әкімінің қарауына "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар жасау;

      3) кәсіпорындардан, меншік нысанына қарамастан, ұйымдардан және мекемелерден (келісім бойынша) бөлімге жүктелген функцияларды орындауға қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттар мен хабарландыруларды сұратуға және алуға;

      4) "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функцияларымен байланысты істер бойынша қуынушы, жауапкер және куәгер ретінде дербес және өкілі арқылы сотқа талап-арыз беруге және қатысуға;

      5) мемлекеттік нормативті бұзушылық анықталған және бекітілген жобалардан ауытқыған жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату туралы жазбаша өкім беруге және материалдарды мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасына жібере алады;

      6) құрылыс мәселесі бойынша нормативтік және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, оларды қала әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыну;

      7) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыруға;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіктерді орындау үшін қаланың басқа да атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара іс-қимылда болады.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы ережеде бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелер жасауына жол берілмейді.

3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      23. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Екібастұз қаласының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      24. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

      1) қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерін мадақтау, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      4) барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;

      6) мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;

      7) қазынашылық органымен бірлесіп "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің төлемдерді өткізуі бойынша, соның ішінде ақша алушылардың тиісті есеп шоттарына тоқсан сайын салыстырып тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.

      26. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      29. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.

      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады