Ақтоғай ауданы елді мекендер аумағында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізуге қосымша регламенттеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 172/40 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда № 4372 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 10/2 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 14.04.2016 № 10/2 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу тәртібіне қосымша регламенттеу мақсатында, орнын анықтау үшін Ақтоғай ауданы елді мекендер аумағында митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізетін орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы К. Саржанов
      Мәслихат хатшысы Т. Мұқанов

  Ақтоғай аудандық
мәслихатының
(V шақырылған, кезектен
тыс ХL сессиясының)
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 172/40 шешіміне
қосымша

Ақтоғай ауданы елді мекендерінің аумағында бейбіт жиналыстарды, митингілерді,
шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу орындары


р/с
Елді мекен атауы
Өткізу орны
Ақтоғай ауылдық округі
1
Ақтоғай а.
Стадион алдындағы алаң
2
Приреченск а.
Стадион алдындағы алаң
Әуелбек ауылдық округі
3
Әуелбек а.
Ауылдық клуб алдындағы алаң
Басқамыс ауылдық округі
4
Басқамыс а.
Мешіт алдындағы алаң
Жалаулы ауылдық округі
5
Жалаулы а.
Ауылдық клуб алдындағы алаң
Жолболды ауылдық округі
6
Жолболды а.
Ауылдық стадион алдындағы алаң
Қараоба ауылдық округі
7
Қараоба а.
Мәдениет үйі алдындағы алаң
Қожамжар ауылдық округі
8
Қожамжар а.
Мәдениет үйі алдындағы алаң
Мүткенов ауылдық округі
9
Мүткенов а.
Мәдениет үйі алдындағы алаң
Разумовка ауылдық округі
10
Разумовка а.
Мәдениет үйі алдындағы алаң
Харьков ауылдық округі
11
Харьков а.
Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлікпен қаза тапқан жерлестерге арналған обелисктің алдындағы алаң
Шолақсор ауылдық округі
12
Шолақсор а.
Мәдениет үйі алдындағы алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады