"Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 194 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 тамызда № 4639 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 20.06.2017 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

  Ақтоғай аудан әкімдігінің
2015 жылғы "13" шілдедегі
№ 194 қаулысымен
бекітілді

"Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтоғай ауданының аумағында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесi, 77.

      10. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы: мемлекеттік тілде - "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, орыс тілінде - коммунальное государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Актогайского района".

      11. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидалармен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

      "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      12. Мемлекет Ақтоғай ауданы әкімдігі тұлғасында "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      16. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өз құзыретінің шегінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      17. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты ауданның кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің мүддесін қорғауға бағытталған қаржы, несие, салық және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

      18. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.

      19. Негізгі міндеттері:

      1) Ақтоғай ауданының атқарушы органдары мен ауданның кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық субъектілерінің қызметін үйлестіру жолымен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      2) Ақтоғай ауданының аумағында кәсіпкерлік қызмет пен ауыл шаруашылықты дамыту үшін жағдайлар жасау;

      3) мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу;

      4) Ақтоғай ауданының аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу.

      20. Функциялары:

      1) жекеменшік кәсіпкерлікті мемлекеттік саяси дамытудың және қолдаудың іске асуын жүзеге асыру;

      2) ауыл шаруашылығын және жекеменшік кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;

      3) аймақтардағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы және орындалуы үшін жауапты болу және қамтамасыз ету;

      4) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық бағдарламаларын іске асыру және әзірлеу;

      5) инфрақұрылымдық объектілер аймағында шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметке қолдау жасауды және дамытуды қамтамасыз ету;

      6) жекеменшік кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен жергілікті атқарушы органдардың өзара қатынасын дамытудың стратегиясын анықтау;

      7) сараптама кеңестерінің қызметтерін ұйымдастыру;

      8) жергілікті деңгейдегі жекеменшік кәсіпкерлікті және шаруа қожалығын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

      9) кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қалыптастыру және іске асыру;

      10) инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстарды қалыптастыру, өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында инвестицияларды тартуға жәрдемдесу;

      11) сәйкесінше аумақта индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      12) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін персонал мамандарын оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      13) негізгі бағыттағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне және мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясат тетігін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу;

      14) агроөнеркәсіптік кешендер саласында және ауылдық аумақтарда жедел ақпараттар жиынтығын жүргізу;

      15) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      16) өзінің құзыры шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат берілетін бөлшек бағалар мөлшерін сақтаумен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсету;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік құжаттарын қарауды қамтамасыз ету;

      19) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдайды, оның халықаралық беделін нығайту;

      20) Қазақстан Республикасының Заңнамасымен қарастырылған басқа да қызметтерді атқару.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдарының қарастыруға Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;

      3) "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;

      4) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеме өкілеттігін атқару үшін басқа да жергілікті атқарушы органдарымен, ауданның кәсіпорын мен ұйымдарымен өзара әрекеттеседі.

3. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      23. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.

      24. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары жоқ.

      25. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      7) "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;

      10) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

      27. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органының (аудан әкімдігі атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

      28. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкі болу мүмкін.

      30. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

      31. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру
және қысқарту (тарату)

      33. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеменің таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады