"Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 126/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 мамырда № 4490 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 417/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 19.12.2018 № 417/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 41-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де тиісті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Абушахманов

  Павлодар облысы
Железин ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "19" мамырдағы
№ 126/5 қаулысымен
бекітілген

"Железин ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі білім беру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
      9. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңды тұлғасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140400, Железин ауданы, Железинка ауылы, Квитков көшесі, 7.
      10. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      11. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел образования Железинского района".
      12. Мемлекет Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің тұлғасында "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудандық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      15. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттелері

      16. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – Железин ауданында білім беру саласында бәсекеге қабілеттілікті және әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
      17. Міндеттері:
      1) аудан азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету;
      2) жалпы білім беру мектептерінде, мектеп интернаттарында, мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру мекемелерінде балаларды оқытуды және тәрбиелеуді жетілдіру бойынша шаралар өткізу;
      3) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, жалпылау және насихаттау;
      4) педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесінің артуын қамтамасыз ету;
      5) жалпы білім беретін мектептерде және басқа білім мекемелерінде жаңа оқыту технологияларының енгізілуін және қолданылуын ұйымдастырады;
      6) жалпы білім беру мектептерінде, мектеп интернаттарында, мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру мекемелерінде балалардың денсаулығының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін шаралардың орындалуына және талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      7) мектеп оқушылары арасында оқу-тәрбиелік маңызы бар олимпиадаларды, спартакиадаларды, жарыстарды және басқа шаралардың белгіленген тәртіпте өткізілуін қамтамасыз етеді;
      8) оқушылардың тұратын мекен-жайы бойынша мектептен тыс жұмыспен қамтылуына бақылауды ұйымдастырады;
      9) білім беру мекемелерін әдістемелік-нұсқау хаттарымен, емтихан құжаттарымен, қатаң есеп беру бланкілерімен, оқулықтармен және оқыту-көрнекілік құралдарымен қамтамасыз етеді, оқу бағдарламаларының және оқыту-көрнекілік құралдарының болуын бақылайды;
      10) патронаттық тәрбиешінің ағымды шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы оның еңбегінің төлемін жүргізеді;
      11) біржолғы ақшалай төлем асырап алынған әрбір жетім балаға және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға тағайындайды және төлейді. Біржолғы ақшалай төлем асырап алушының жеке шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізіледі;
      12) алынып тасталды – Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 25.03.2016 № 47/3 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
      13) шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау тәртібі мен кестелерін жасайды және бекітеді.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 25.03.2016 № 47/3 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      18. Функциялары:

      1. Бөлім функциялары:

      1) білім беруді дамыту бағдарламаларын іске асырады;
      2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
      3) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды міндетті орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
      5) білім беру қызметін лицензиялауды, сондай-ақ балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын (спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда) іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады;
      6) ауданның мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
      7) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
      8) аудан көлемінде мектеп олимпиадаларын өткізуді ұйымдастырады;
      9) әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір пайызынан кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық көмек көрсетеді;
      10) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      11) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудандағы білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      13) білім беру ұйымдарында оқу бітірген тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
      14) ауданның білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
      15) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;
      16) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультативті көмек көрсетеді;
      17) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
      18) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады;
      19) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта құру мен тарату туралы актілерді дайындайды, әкімдіктің шешімі бойынша аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды қайта құру мен таратуды жүзеге асырады;
      20) аудандық коммуналдық заңды түлғалардың жарғыларын (ережелерін), оларға енгізілетін толықтырулар мен өзгерістерді дайындайды;
      21) аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
      22) ведомстваға қарасты қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағасын белгілейді;
      23) ведомстваға қарасты мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен қарастырылған жағдайда қарайды, келіседі және бекітеді;
      24) ведомстваға қарасты мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
      25) ведомстваға қарасты заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады, мүлікті пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
      26) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға ведомстваға қарасты заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
      27) ведомстваға қарасты заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады – ведомстваға қарасты мемлекеттік кәсіпорындардың еңбекақы қорын, коммуналдық кәсіпорын бастығының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымды еңбекақы мөлшерін, оларға сыйақы беру не өзге сыйлық беру жүйесін белгілейді; ведомстваға қарасты кәсіпорын бастықтарымен еңбек шартын жасайды; мемлекеттік кәсіпорын бастығының ұсынуы бойынша мемлекеттік кәсіпорын бастығының орынбасарларын қызметке тағайындайды; мемлекеттік кәсіпорындармен бюджетке белгіленген таза кіріс бөлігінің толық және уақытылы аударылуына бақылауды жүзеге асырады; байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асырады, сыйақы төлеу туралы шешім қабылдайды; мемлекеттік кәсіпорын қаражаты есебінен шаруашылық жүргізу құқығында кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігі аудитін өткізе алады;
      28) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстваға қарасты мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржыландыру жоспарын бекітеді;
      29) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Ведомстваға қарасты мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ ұйымдардың функциялары:

      1) ішкі тәртіп ережесін әзірлеу және бекіту;
      2) оқу жұмыс бағдарламаларын және оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      3) білім беру әрекетін жүргізу құқығына лицензияға сәйкес білім алушылардың контингентін қалыптастыру;
      4) жаңа оқыту технологияларын енгізу;
      5) ағымдағы бақылау үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу;
      6) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен өз қаржылық қаражаты шеңберінде қызметкерлерге лауазымдық айлықтарын (мөлшерлемелерін), қосымша ақылар, үстемеақылар және өзге де ынталандыру төлемдерін белгілеу;
      7) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен кадрларды қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
      8) "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, құралдармен жабдықтау;
      9) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) ұсыну;
      10) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін қосымша қаржы көздері мен материалдық қаражатты жұмсау;
      11) оқушыларды тамақпен және медициналық қызметпен қамтамасыз ету, оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайтуды қамтамасыз ету;
      12) Қазақстан Республикасы заңнамаларында қаралған оқушылардың жеке санаттарына қосымша жеңілдіктер және материалдық көмек түрінің уақытында ұсынылуын қамтамасыз ету;
      13) оқушылардың тұруы мен күтімін белгіленген нормадан төмен емес қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету;
      14) қоғамдық бірлестіктердің, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының қызметіне жәрдемдесу;
      15) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен қаржылық есепті ұсыну.
      19. Құқықтары мен міндеттері:
      1) білім беру мекемелерінің директорларын конкурс негізінде тағайындау;
      2) ведомстваға қарасты білім беру мекемелерінен өз құзыреттілігі бойынша ақпараттарды сұрату және алу;
      3) өз құзыреттілігі шеңберінде білім беру мекемелерін құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар енгізу;
      4) білім беру саласында мемлекеттік және басқа бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша аудандық білім бөлімдерімен, облыс білім беру басқармасымен, қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас жүзеге асыру;
      5) бөлінген құралдар мен материалдарды білім беру мекемелеріне тарату және олардың мақсатты қолданылуын бақылауды жүзеге асыру;
      6) білім беру мәселелері бойынша қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің жобаларын аудан әкімінің қарауына ұсыну;
      7) білім бөлімінің қызметіне қатысты аудан әкімдігінің және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың қаулыларының, шешімдерінің, өкімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      8) аудан әкімі жанындағы тұрақты коммисиялардың отырысына қатысу және бөлімнің өкілін жіберу;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. "Железин ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      20. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      21. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      22. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1) "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттерін, сондай-ақ функцияларын анықтайды;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      4) "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі бойынша бұйрықтар шығарады;
      5) "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету және көтермелеу туралы шешімдер қабылдайды;
      6) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін білдіреді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзге де өкілеттіліктерін жүзеге асырады;
      8) өзінің жұмысы және мекеменің қызметі жөнінде аудан әкімінің және әкімдігінің алдында есеп береді;
      9) өз құзыреті шегінде мекеменің қаражаты және мүлігіне иелік етеді;
      10) өз өкілеттілігі шегінде жемқорлыққа қарсы іс әрекет жасауға міндетті, және қол астындағы қызметкерлердің Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін дербес жауап береді.

      "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      23. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      24. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен айқындалады.

4. "Железин ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      25. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сонымен қатар өз қызметінің және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен алынған мүлік (ақшалай кірісті қосқанда) қалыптастырылады.

      26. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі, "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      27. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)

      28. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      29. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қысқарту кезінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.

6. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      Ескерту. Тізбесіне өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 25.03.2016 № 47/3 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1) "Железин ауданының Железин жалпы білім беретін № 1 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      2) "Железин ауданының Железин жалпы білім беретін № 2 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      3) "Железин ауданының Железин жалпы білім беретін № 3 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      4) "Железин ауданының Алакөл жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      5) "Железин ауданының Башмачин жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      6) "Железин ауданының Березовка жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      7) "Железин ауданының Веселорощин жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      8) "Железин ауданының Еңбекші жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      9) "Железин ауданының Есқара жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      10) "Железин ауданының Лесной жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      11) "Железин ауданының Михайловка орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      12) "Железин ауданының Новомир жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      13) "Железин ауданының Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      14) "Железин ауданының Озерный жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      15) "Железин ауданының Жаңа жұлдыз аулының жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      16) "Железин ауданының Т.П. Праслов атындағы Прииртышск жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      17) "Моисеевка жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      18) "Пятерыжск жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      19) "Аққайың селосының жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      20) "Захаровка жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      21) "Береговой жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      22) "Кузьмино жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      23) "Абай жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      24) "Крупский жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      25) "Екішоқ жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      26) "Жаңабет жалпы білім беретін бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      27) "Буденовка жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      28) "Мыңкөл жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      29) "Красновка жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      30) "Жолтаптық жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      31) "Славяновка жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      32) "Дүйсеке жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      33) "Груздевка жалпы білім беретін бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      34) "Жаңабірлік жалпы білім беретін бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      35) алынып тасталды – Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 25.03.2016 № 47/3 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7. "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1) Железин ауданы әкімдігінің, Железин ауданы білім бөлімінің "Железин балалар өнер мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      2) Железин ауданы әкімдігінің "Железин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сұңқар" балалар-жасөспірімдер клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады