"Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 213/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 тамызда № 4638 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 304/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 06.10.2017 № 304/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органыныңүлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жөніндегі Ереже бекітілсін.
      2. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі В. Дубовицкий

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "14" шілдедегі
№ 213/6 қаулысымен
бекітілді

"Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде басшылық ететін, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің*ведомстволық бағыныста мынадай мемлекеттік мекемесі бар:
      1) "Ертіс ауданы әкімдігінің, Ертіс ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ертіс ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      3. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен бұрыштамалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында есеп-шоттары бар.
      5. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
      6. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес өкілеттілігі болған жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан сөз сөйлеуге құқығы бар.
      7. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте өз құзыретіндегі мәселелер бойынша "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      8. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140500, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 110.
      10. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
      11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі; орыс тіліндегі толық атауы: коммунальное государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта Иртышского района".
      12. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Ертіс ауданының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.
      13. Осы Ереже "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру қызметі жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерін орындау үшін келісімшарттық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе, бұл қызметтерден түскен табыстар мемлекеттік бюджетке бағытталады.

2. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызмет нысаны негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      16. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданның атқарушы органдарының біріңғай жүйесіне кіреді және өз құзыреті шегінде дене шынықтыру мен спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      17. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты аудандық деңгейде дене тәрбиесі және спорт салаларындағы іс-шараларды іске асыру.

      18. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет нысаны дене тәрбиесі және спорт кешенiнiң жұмысын ұйымдастыру, мониторингiн жүргiзу, үйлестiру мәселелерiнде іс-шараларды аудандық деңгейде өткізу болып табылады.

      19. Міндеттері:
      1) дене тәрбиесі және спорт жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, оларды дамыту бойынша перспективалық, ағымдағы, нысаналы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
      2) дене шынықтыру және спортты дамыту саласында аудан ұйымдарының, бірлестіктерінің, мекемелері мен кәсіпорындарының қызметін үйлестіру;
      3) аудандық бұқаралық-спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын жоспарлау және өткізу;
      4) спорт түрлері бойынша ауданның құрама командаларын жасақтау, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін жаттығулар өткізу;
      5) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөнінде конференциялар, төрешілер жиналыстарын, семинарларды өткізу;
      6) жеке спортшыларды, ауданның құрама командалары мүшелерін дайындау және олардың облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуларын қамтамасыз ету болып табылады.
      20. Функциялары:
      1) дене шынықтыру және спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзірлейді және жүзеге асырады;
      2) жеке тұлғалардың тұрғылықты мекенжайы бойынша және олардың бұқаралық демалыс орындарында спортпен айналысу үшін инфрақұрылым жасайды;
      3) спорт түрлері бойынша аудандық жарыстар өткізеді;
      4) спорт түрлері бойынша ауданның құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
      5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктік аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
      6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктік аумағында аудандық дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
      7) спортшыларға спорттық дәрежелерді береді: 2-дәрежелі спортшы, 3-дәрежелі спортшы, 1-жасөспірім дәрежелі спортшы, 2-жасөспірім дәрежелі спортшы, 3-жасөспірім дәрежелі спортшы;
      8) біліктілік санаттарын береді: екінші санаттағы біліктілігі бар жоғары деңгейлі жаттықтырушы, екінші санаттағы біліктілігі бар орта деңгейлі жаттықтырушы, екінші санаттағы біліктілігі бар жоғары деңгейлі әдіскер, екінші санаттағы біліктілігі бар орта деңгейлі әдіскер, екінші санаттағы біліктілігі бар жоғары деңгейлі нұсқаушы-спортшы, спорттық төреші;
      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктік аумағында спорттық іс-шаралардың ұйымдастырылуын және өткізілуін үйлестіреді;
      10) облыстық жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген нысан мен мерзімде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене тәрбиесі және спортты дамыту бойынша ақпаратты жинау, талдау және ұсынуды жүзеге асырады;
      11) ресми дене шынықтырудың және спорттық іс-шаралардың медициналық қамтылуын ұйымдастырады;
      12) дене шынықтыру және спорттық шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      13) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
      14) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметін қамтамасыз етеді;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады:
      16) аудан көлемінде спорт түрлерінен сайыстар өткізеді;
      17) спорттық әртүрлі түрлерінен ауандық құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық сайыстарда қатысуларын қамтамасыз етеді;
      18) аудан аумағында жалпыға бірдей спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытады;
      19) екінші және үшінші, жасөспірімдер арасындағы бірінші, екінші және үшінші, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы -спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі, спорттық разраядтар мен санаттар беру бойынша ұсныстар енгізеді;
      20) аудандық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады.
      21. Құқықтары*мен*міндеттері:
      "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы Ережеде қарастырылған өкілеттіліктерді жүзеге асыру үшін құқылы:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан мемлекеттік мекеменің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды өтеусіз негізде сұрауға және алуға;
      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды Ертіс ауданы әкімдігінің және әкімінің қарауына енгізуге;
      3)*келісімшарттар**жасауға;
      4) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
      "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің*міндеттеріне жатады:
      1) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау жұмыстарын және оның материалдық-техникалық қамтылуын жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын жүзеге асыру, ауданның мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін*арттыру;
      3) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқаруды "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді және оның өз функцияларын орындауына дербес жауап беретін бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      23. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ертіс ауданының өкімімен лауазымға тағайындалады және босатылады.
      24. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының өкілеттіліктері:
      1) "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені Ертіс ауданы әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
      2) Заңдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын орындау жөнінде жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындау барысы жөнінде жүйелі ақпараттандырады;
      3) басшының бұйрықтарын шығарады;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және бұл үшін дербес жауап береді;
      5) "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін уәкіл етеді;
      7) заңнамамен қарастырылған жағдайларда және шегінде мүлікке иелік етеді;
      8) заңнамада қарастырылған тәртіпте келісімшарт жасайды;
      9) сенімхаттар береді;
      10) "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
      11) ведомстволық мемлекеттік ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және босатады, Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған тәртіпте оларды аттестациядан өткізеді;
      12) "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      13) "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және құрылымдық бөлімшелерінің функцияларын*белгілейді;
      14) "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне және ведомстволық ұйымдардың басшыларына көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза салады;
      15) "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      25. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған жағдайда оның өкілеттіліктерінің орындалуын қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасары жүзеге асырады.
      26. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы органмен) арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      27. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен тиесілі саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен*реттеледі.
      28. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық келісімшартқа сәйкес реттеледі.

4. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда оқшауланған мүлікке жедел басқару құқығында иеленуге болады.
      "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі меншік иесі оған берген мүлік есебінен, сонымен бірге (ақшалай табысты қосқанда) Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған қызмет ету нәтижесінде және басқа да көздер есебінен қалыптасады.
      30. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      31. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзгесі заңнамада белгіленбеген жағдайда оған бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеленуге немесе иелігінен шығаруға немесе басқа тәсілмен иеленуге құқығы жоқ.

5. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесін қайта құру және тарату (жою)

      32. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      33. "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін тарату кезінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады