"Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 48/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 сәуірде № 4413 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 7/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 10.01.2018 № 7/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлкі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса берілген Ережесі бекітілсін.
      2. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындаған, қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік ететін Успен ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жирияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі Б. Демеуов

  Успен ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "04" наурыздағы
№ 48/3 қаулысымен
бекітілген

"Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық
бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдерін қабылдайды.
      8. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141000, Успен ауданы, Успен селосы, 10 лет Независимости көшесi, 30.
      10. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
      11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы:

      мемлекеттік тілде "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Успенского района".

      12. Успен ауданының әкімдігі мемлекет атынан "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. Миссиясы: "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесі ауданының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты өзінің шектеулі құзыретінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      17. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты ауданның кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің мүддесін қорғауға бағытталған қаржы, несие, салық және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      18. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні Успен ауданының аумағында кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық үйлестіру мәселелерінде мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру.
      19. Міндеттері:
      1) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымдық аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыруға қатысу;
      2) Успен ауданының аумағында кәсіпкерлік қызмет пен ауыл шаруашылықты дамыту үшін жағдайлар жасау;
      3) қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және қала тұрғындары қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу;
      4) Успен ауданының аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу.
      20. Функциялары:
      1) жекеменшік кәсіпкерлікті мемлекеттік саяси дамытудың және қолдаудың іске асуын жүзеге асыру;
      2) ауыл шаруашылығын және жекеменшік кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
      3) аймақтардағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы және орындалуы үшін жауапты болу және қамтамасыз ету;
      4) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық бағдарламаларын іске асыру және әзірлеу;
      5) инфрақұрылымдық объектілер аймағында шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметке қолдау жасауды және дамытуды қамтамасыз ету;
      6) жекеменшік кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен жергілікті атқарушы органдардың өзара қатынасын дамытудың стратегиясын анықтау;
      7) сараптама кеңестерінің қызметтерін ұйымдастыру;
      8) жергілікті деңгейдегі жекеменшік кәсіпкерлікті және шаруа қожалығын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
      9) кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қалыптастыру және іске асыру;
      10) инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстарды қалыптастыру, өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында инвестицияларды тартуға жәрдемдесу;
      11) сәйкесінше аумақта индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
      12) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін персонал мамандарын оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      13) негізгі бағыттағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне және мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясат тетігін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу;
      14) агроөнеркәсіптік кешендер саласында және ауылдық аумақтарда жедел ақпараттар жиынтығын жүргізу;
      15) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру;
      16) өзінің құзыры шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат берілетін бөлшек бағалар мөлшерін сақтаумен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімділігін және сапалылығын қамтамасыз етеді;
      18) Қазақстан Республикасының Заңнамасымен қарастырылған басқа да қызметтерді атқару.
      21. Құқықтары мен міндеттері:

      Құқығы:

      1) "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардан, лауазымдық тұлғалардан алдында қойылған міндеттерді орындауға байланысты өтеусіз негізде қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұрауға және алуға;
      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша Успен ауданының әкімі мен әкімдігіне ұсыныстар енгізуге;
      3) шарттар жасауға;
      4) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      Міндеттері:

      1) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық жұмысын жүзеге асыру және оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыру, қалалық мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру жатады;
      3) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

3. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық
бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін басшылықты "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырыды.
      23. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Успен ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      24. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      25. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекемесі туралы Ережені Успен ауданы әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат етеді;
      3) бұйрықтарын шығарады;
      4) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;
      5) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша міндеттердің орындалуы үшін дербес жауап береді;
      6) "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;
      7) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң мүддесiн білдіреді;
      8) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде мүлікке иелік етеді;
      9) белгіленген заңнама тәртібінде келісімдер және басқа да заңды мәмілелер жасайды;
      10) сенімхаттар береді;
      11) "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
      12) "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
      13) "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттiк мекемесі қызметкерлерiнің міндеттері мен құрылымдық бөлімшелердің функцияларын анықтайды;
      14) "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
      15) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      27. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
      28. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен үйлестіретін саласындағы уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
      29. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің және ұжымдық шартпен белгіленеді.

4. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық
бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

      "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      31. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi"
мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      33. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады