2015 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 316 шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 сәуірде № 1157 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 419 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 11.03.2016 № 419 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
       Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабының 5).тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 487-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 16-бабының 5-тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2015 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІ сессиясының 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 218 "2014 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1043 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде 2014 жылғы 15 мамырда жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. . Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа (келісім бойынша) жүктелсін.
      5. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

V сайланған
 
Алматы қаласы мәслихаты
 
ХХХVІІ сессиясының төрағасы
Ф. Константинов
V сайланған Алматы қаласы
 
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

      

  V сайланған Алматы қаласы
мәслихаты XXХVІІ сессиясының
2015 жылғы 17 наурыздағы № 316 шешіміне
қосымша

2015 жылға арналған Алматы қаласы
бойынша жер үсті көздеріндегі
су ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы ставкаларымәслихатының

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 16.10.2015 № 376 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өзен-
дер, көлдер, теңіз-
дер бас-
сейні
Тұрғын- үй пайдала-
ну және комму-
налдық қызмет-
тер (теңге/1000 тек.м)
Өнеркә-
сіп жылу энерге-
тикасын қоса есепте-
генде (теңге/1000 тек.м)
Ауыл шаруашылығы (теңге/1000 тек.м)
Су көздері-
нен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашы-
лықтары (теңге/1000 тек.м)
Су энергети-
ка (теңге/1000 кВт.сағ)
Су көлігі (теңге/1000 тек.м)
Балқаш және Алакөл көлде-
рі бас-
сейні
90,1
248,7
71,53
68,41
26,42
7,77

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады