Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мәртебесінен айыру және оларды жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастау туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 05 мамырдағы N 2/278 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 мамырда N 1165 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 1/191 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 17.03.2021 № 1/191 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 18 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1032 "Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айырылсын және олар жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылсын.

      2. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі

А. Есімов


  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 05 мамырдағы
№ 2/278 қаулысына қосымша

Алматы қаласындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылып тасталынған және тарих және мәдениет ескерткіш мәртебесінен айырылған, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі

р/н

Ескерткіштің атауы

Ескерткіштің түрі

Ескерткіштің мекенжайы

1.

"Бұрынғы "Жетісу" қонақ үйі (қазір - "Жібек жолы" туристік фирмасы). Сәулетшілер Е.Дятлов, Ким До Сен.

қала құрылысы және сәулет

Абылай хан даңғылы, 55

2.

Бұрынғы Л. Брежнев атындағы алаң (қазір - Республика алаңы ансамблі). Сәулетшілер К.Монтахев, М.Павлов, В.Ким, А.Қапанов,

Р.Сейдалин. Инженерлер К.Нұмақов, А.Статенин, М.Горохов, Б.Вагайцев.

қала құрылысы және сәулет

Республика алаңы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады