"Алматы қаласы Туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 2/409 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 шілдеде № 1182 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 08 желтоқсандағы № 4/653 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 08.12.2015 № 4/653 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) Алматы қаласы әділет органдарына Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы хабарласын;
      2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                А. Есімов

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 2/409 қаулысымен
бекітілген

«Алматы қаласы Туризм басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Алматы қаласының аумағында туризм саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.
      2. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес атқарады.
      3. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысаны коммуналдық мемлекеттік мекеме түріндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген тәртіптегі бланкісі, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоты бар.
      4. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес мемлекет атынан оған уәкілетті болса азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа актілермен және «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 83.
      9. Толық атауы:
      мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Управление туризма города Алматы».
      10. Осы Ереже «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы «Туристік қызмет туралы» Заңының 12 бабының 1) тармағына сәйкес «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – Алматы қаласының аумағында туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және туристік қызметті үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру.
      14. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы «Туристік қызмет туралы» Заңының 8912 баптарымен белгіленеді:
      1) туристік қызметке қолдау көрсету және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау;
      2) туристік қызметтің басым бағыттарын белгілеу және жәрдемдесу;
      3) халықаралық туристік байланыстарды дамыту;
      4) ішкі, сырттан келетін, әлеуметтік және дербес туризмді қолдау және дамыту;
      5) туристік қызметті кадрлық қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      6) отандық туристердің, туроператорлардың және турагенттер мен олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;
      7) ішкі және дүниежүзілік туристік нарықтарда туристік өнімді ұсынуға жәрдемдесу;
      8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия нысандарын жоспарлау және құрылысын жүргізу бойынша қызметті үйлестіру;
      9) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестігі мен өзіндік туризмді дамыту қызметіне жәрдем көрсетеді;
      10) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласында кәсіпкерлікті дамыту және қолдау.
      15. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы «Туристік қызмет туралы» Заңының 8912 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 7 «Қазақстан Республикасында 2006 – 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 – 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес белгіленеді:
      1) елдің туристік ресурстарын ұтымды және тиімді қолдануды, есепке алуды және қорғауды қамтамасыз ету;
      2) туризм мен туристік индустрияны дамытудың мемлекеттік бағдарламалары аясында туризмді дамыту жоспарларын әзірлеу;
      3) қалалық туризмді дамыту бағдарламасын орындауға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жүзеге асыру;
      4) туристік бағыттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      5) туристік қызмет нарығын талдау және уәкілетті органға Алматы қаласының аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;
      6) Алматы қаласының туристік ресурстарын қорғау бойынша шаралар әзірлеу және ендіру;
      7) туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде туристік қызмет субъектілеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
      8) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм нысандары және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру;
      9) мемлекеттік орган қызметінің бағыттары бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;
      10) гендерлік саясатты іске асыру;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алматы қаласының әкімі жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы «Туристік қызмет туралы» Заңының 8912 баптарына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 126 бабына сәйкес белгіленген:
      1) белгіленген тәртіпте Алматы қаласының мүдделерін республикалық, өңіраралық және басқа да туристік іс-шараларда білдіру;
      2) «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу және халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келісімдер жасасу;
      3) Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және әкімдігінің қаулыларының жобаларын және қалалық туризмді дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
      4) кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру бағдарламаларын бекіту және үйлестіру, олардың қызметтерін әдістемелік қамтамасыз ету, туризм жөніндегі мамандармен симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, оқыту формаларын және тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;
      5) қалалық туристік шаралар өткізу, республикалық шараларға қатысу, сондай-ақ халықаралық туристік іс-шаралар өткізуге жәрдемдесу;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік орган қызметін ұйымдастыру

      17. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функциясын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Басшы жүзеге асырады.
      18. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Алматы қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. Басшының өкілеттігі:
      1) «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, басқарады және «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз фукнцияларын жүзеге асыруына дербес жауапкершілікте болады;
      2) «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшылары мен орынбасарларының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
      3) «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және осы шаралардың қабылдануға дербес жауапкершілікте болады;
      4) заңнамаға сәйкес «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
      6) өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар шығарады;
      7) «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
      8) Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі ретінде іс-әрекет етеді;
      9) «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қосқанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

      24. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады