IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 "Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 381 шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 желтоқсанда № 1231 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 67 баптарына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы VІ сессиясының «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» № 45 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 767 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2008 жылғы 21 ақпанда жарияланған), ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 125 «ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» № 45 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» XІ сессиясының шешімімен енгізілген өзгерістерімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 777 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінде 2008 жылғы 9 қыркүйекте және «Вечерний Алматы» газетінде 2008 жылғы 23 тамызда жарияланған), ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2009 жылғы 30 қарашадағы ХХІІІ сесиясының шешімімен «ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 833 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2010 жылғы 7 қаңтарда жарияланған), ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі ХХVІІ сессиясының «ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» № 45 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 847 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінде 2010 жылғы 27 мамырда және «Вечерний Алматы» газетінде 2010 жылғы 29 мамырда жарияланған, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 155 «ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы VІ сессиясының №45 «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 997 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2013 жылғы 26 қыркүйекте жарияланған) келесі толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесіндегі:
      1. «Жалпы ережелер» тарауындағы:
      2. тармақ келесі мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) жарнамалық құрылғылар – алып жүруге, орналастыруға немесе оларға жарнамалық бейнені және жарнамалық ақпаратты орналастыруға арналған, оның ішінде электрондық және бейнелерді көрсетуге арналған электрондық таблоларды орналастыруға арналған біртегіс нысандар;
      5-2) сыртқы (көрнекі) жарнама – жарнамалық құрылғыларда, жылжымалы және жылжымайтын нысандарда орналастырылған жарнама және елді мекендердегі ашық кеңістіктегі және жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген жолағындағы көрнекі, қолжетімді жарнама;
      5-3) әлеуметтік жарнама – адамдардың беймәлім тобына арналған және қайырымдылық пен коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;»;
      2. «Қаланы санитарлық күтіп ұстау» бөліміндегі:
      12. «Көркемдік безендіру және жарнама» тарауындағы:
      келесі мазмұндағы 161-1 тармақпен толықтырылсын:
      «161-1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру плакаттар, транспаранттар, жалаулар, стенділер, жарық таблолары, билбордтар, стеллалар, нұсқамалар, афишалар түрінде жүзеге асырылады және жарнамалық құрылғылардағы, жылжымалы және жылжымайтын нысандарда бейнелеудің және жарнамалық бейнелеудің және жазулардың өзге де тәсілдерімен жазылу арқылы жүзеге асырылады.
      Жарнамалық құрылғылар қолданыстағы құрылыс нормаларына және ережелеріне, стандарттарына, техникалық регламенттеріне және осындай үлгідегі құрылғыларға арналған талаптар мазмұндалған өзге де нормативтік актілерге сәйкес жобаланады, әзірленеді және орнатылады. Барлық құрылғылар санитарлық нормалардың және ережелердің талаптарына, оның ішінде жарықтандыру талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      Тротуарларда немесе тротуарларға іргелес газондарда осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес параметрлер бойынша кіші форматтағы бір немесе екі жақты жарнамалық құрылғылар орналастырылады, сондай-ақ скроллингтік механизмімен және онсыз жарнаманы орналастыруға арналған бір немесе екі беті бар ішкі жағынан жарықтандырылатын орташа форматтағы жарнамалық құрылғылар осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес параметрлер бойынша орналастырылады.
      Шағын және орташа форматтағы жарнамалық қалқандар жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолақтары мен тротуарларға параллель немесе перпендикуляр орналастырылады.
      Орташа форматтағы LED технологиялар пайдаланылатын жарнамалық құрылғылардың жалпы пайдаланылатын жолдардың жиегінде осы Ереженің 3 қосымшасына сәйкес параметрлер бойынша орналастырылған жарнаманы орнатуға арналған бір беті болады.
      Шағын және орташа форматтағы, сондай-ақ LED технологиялар пайдаланылатын жарнамалық құрылғылар жердің және жол төсенішінің деңгейінен жоғары емес тұстағы іргетасқа орнатылады, оның бетіне мықты әйнек немесе сапасы жағынан соған тең материал қойылып, ішкі жағынан жарықтандырылып, электр желісінен авариялық ажыратылу және электр желілеріне жер астынан қосылу жүйесімен жабдықталады.
      Жарнамалық құрылғылар ғимараттардың, құрылыстардың және құрылғылардың қабырғаларының тікелей жоғарғы жағына немесе металлокаркасқа, ақпараттық материалдарды бұзып, жинап алуға болатын пластика сияқты қабырғаға (әйнектері бар ғимаратқа, құрылысқа, құрылғыға медиафасадты орнатқан жағдайда) орналастырылады.
      Жоғарыда аталған жарнамалық құрылғылар маркировкасымен (иесінің Т.А.Ж. және телефон нөмірі, жарнаманың орнының нөмірі) орналастырылады. Маркировка ақпараттық кеңістіктің төменгі жағына орналастырылады. Маркировка мәтінінің өлшемі көлік құралдары қозғалысына жақын тұрған жолағынан немесе тротуардан оны оқу мүмкіндігі ескеріле отырып орналастырылады.
      Коммерциялық жарнама болмаған жағдайда жарнамалық құрылғының меншік иесі өз иелігіндегі бос тұрған алаңды әлеуметтік жарнамамен толтырады.
      Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін ақы төленбейтін әлеуметтік жарнаманың немесе қаспеттерді безендірудің жайы Алматы қаласының уәкілетті органымен келісіледі.»;
      168 тармақтың екінші бөлігі келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «Ведомстволық тиістілігіне қарамастан барлық нысандардағы (ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттері, дүкендер, байланыс желілерінің және сыртқы жарықтандырудың бағаналары және т.б.) өз қалауымен орналастырылған жарнамаларды немесе өзге де хабарландыруларды, жазуларды және бейнелерді, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдары беретін рұқсат ету құжаттарынсыз орналастырылған жарнамалық құрылғыларды, плакаттарды, сондай-ақ жөнсіз жарнамалардың өзге де түрлерін алып тастау жұмыстарын ұйымдастыру Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттарына, сондай-ақ аталған нысандардың меншік иелеріне немесе жалдаушыларына қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүктеледі.».
      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихаты
      кезектен тыс XLV сессиясының
      төрағасы, мәслихат хатшысы              Қ. Қазанбаев

Алматы қаласының аумағын
көріктендіру Ережесіне
1 қосымша

1,2 х 1,8 м (тігінен)

Алматы қаласының аумағын
көріктендіру Ережесіне
2 қосымша

2,3 х 3,14 м

Алматы қаласының аумағын
көріктендіру Ережесіне
3 қосымша

2,5 х 3,5 м (көлденеңінен)

2 х 6 м (тігінен)

О внесении изменений и дополнений в решение VI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 12 декабря 2007 года № 45 "Об утверждении Правил благоустройства территории города Алматы"

Решение маслихата города Алматы от 30 ноября 2015 года № 381. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 03 декабря 2015 года № 1231

      Примечание РЦПИ. В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьями 67 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», маслихат города Алматы V-го созыва РЕШИЛ:
      1. Внести в решение VI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 12 декабря 2007 года № 45 «Об утверждении Правил благоустройства территории города Алматы» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 767, опубликовано 21 февраля 2008 года в газетах «Алматы Ақшамы» и «Вечерний Алматы»), с изменениями, внесенными решениями XI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 2 июля 2008 года № 125 «О внесении изменения в решение VI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 12 декабря 2007 года № 45 «Об утверждении Правил благоустройства территории города Алматы» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 777, опубликовано 9 сентября 2008 года в газетах «Алматы Ақшамы» и 23 августа 2008 года «Вечерний Алматы»), XXIII-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 30 ноября 2009 года № 264 «О внесении изменений и дополнений в решение VI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 12 декабря 2007 года № 45 «Об утверждении Правил благоустройства территории города Алматы» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 833, опубликовано 7 января 2010 года в газетах «Алматы Ақшамы» и «Вечерний Алматы»), XXVII сессии маслихата города Алматы IV созыва от 12 апреля 2010 года № 317 «О внесении изменений и дополнений в решение VI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 12 декабря 2007 года № 45 «Об утверждении Правил благоустройства территории города Алматы» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 847, опубликовано 27 мая 2010 года в газете «Алматы Ақшамы» и 29 мая 2010 года в газете «Вечерний Алматы», ХIХ-й сессии маслихата города Алматы V созыва от 28 августа 2013 года № 155 «О внесении изменений и дополнения в решение VI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 12 декабря 2007 года № 45 «Об утверждении Правил благоустройства территории города Алматы» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 997, опубликовано 26 сентября 2013 года в газетах «Алматы Ақшамы» и «Вечерний Алматы») следующие дополнения и изменение:
       в Правилах благоустройства территории города Алматы, утвержденных указанным решением:
       в Разделе 1. «Общие положения»:
      пункт 2 дополнить подпунктами 5-1), 5-2) и 5-3) следующего содержания:
       «5-1) рекламные сооружения - различного рода объемные или плоскостные объекты наружной (визуальной) рекламы, предназначенные для нанесения, размещения или отображения на них рекламного изображения и рекламной информации, в том числе экраны и электронные табло для отображения электронных и видеоизображений;
       5-2) наружная (визуальная) реклама - реклама, размещенная на рекламных сооружениях, на движимых и недвижимых объектах и доступная визуальному восприятию на открытом пространстве в населенных пунктах и в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования;
       5-3) социальная реклама – информация, адрсованная неопределенному кругу лиц и направленная на достижение благотворительных и иных общественно полезных целей некоммерческого характера, а также обеспечение интересов государства;»;
      в Разделе 2. «Санитарное содержание города»:
      в Главе 12. «Художественное оформление и реклама»:
      дополнить пунктом 161-1 следующего содержания:
       «161-1. Размещение наружной (визуальной) рекламы осуществляется в виде плакатов, транспарантов, флагов, стендов, световых табло, билбордов, стел, указателей, афиш и иными способами отображения и нанесения рекламных изображений и надписей на рекламных сооружениях, на движимых и недвижимых объектах.
      Рекламные сооружения проектируются, изготовляются и устанавливаются в соответствии с строительными нормами и правилами, стандартами, техническими регламентами и другими нормативными актами, содержащими требования для сооружений данного типа. Все сооружения должны соответствовать требованиям санитарных норм и правил, в том числе требованиям к освещенности.
      На тротуарах или на прилегающих к тротуарам газонах располагаются одно или двухсторонние рекламные сооружения малого формата по параметрам, согласно приложению 1 к настоящим Правилам, а также рекламные сооружения среднего формата с внутренней подсветкой, имеющие одну или две поверхности для размещения рекламы, со скроллинговым механизмом и без, по параметрам, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      Рекламные плоскости сооружений малого и среднего форматов располагаются параллельно или перпендикулярно к полосе автомобильных дорог общего пользования и тротуарам.
      Рекламные сооружения с использованием LED-технологий среднего формата, имеют одну поверхность для размещения рекламы, расположенную вдоль дорог общего пользования, по параметрам согласно приложению 3 к настоящим Правилам.
      Рекламные сооружения малого и среднего форматов, а также с использованием LED-технологий среднего формата устанавливаются на фундамент без выступа над уровнем земли и дорожного покрытия, с безопасным ударопрочным остеклением либо другим, эквивалентным по качествам материалом, внутренней подсветкой, оборудованной системой аварийного отключения от сети электропитания и подземным подключением к электрическим сетям.
      Рекламные сооружения, размещаются непосредственно на поверхности стен зданий, строений и сооружений или на металлокаркасе, повторяющем пластику стены (в случае размещения медиафасада на существующем остекленении здания, строения, сооружения), позволяющем демонстрировать информационные материалы.
      Вышеуказанные рекламные сооружения устанавливаются с маркировкой (Ф.И.О. и номер телефона владельца, номер рекламного места). Маркировка размещается под информационным полем. Размер текста маркировки устанавливается с учетом возможности его прочтения с ближайшей полосы движения транспортных средств или тротуара.
      В случае отсутствия коммерческой рекламы собственник рекламного сооружения заполняет принадлежащие ему пустующие площади социальной рекламой.
      Социальная реклама и оформление фасадов, не облагаемых платой за размещение наружной рекламы, согласовываются уполномоченным органом города Алматы.»;
      часть вторую пункта 168 изложить в следующей редакции:
      «Организация работ по удалению самовольно размещаемых рекламных и иных объявлений, надписей и изображений со всех объектов (фасадов зданий и сооружений, магазинов, опор контактной сети и наружного освещения и т.п.) независимо от их ведомственной принадлежности, а также демонтаж рекламных сооружений, плакатов и других видов стихийной рекламы, установленных без разрешительных документов, выдаваемых местным исполнительным органом города Алматы, возлагается на аппараты акимов районов города Алматы с последующим благоустройством территории, а также на собственников или арендаторов указанных объектов в соответствии с действующим законодательством.».
      2. Аппарату маслихата города Алматы обеспечить размещение настоящего решения на интернет-ресурсе.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии по вопросам градостроительства, благоустройства и коммунальной собственности маслихата города Алматы Б.Шин и заместителя акима города Алматы Б.Сауранбаева.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      внеочередной XLV-й сессии
      маслихата города Алматы V-го созыва,
      секретарь маслихата                        К. Казанбаев

Приложение 1
к Правилам благоустройства
территории города Алматы

1,2 х 1,8м (вертикальный)

Приложение 2
к Правилам благоустройства
территории города Алматы

2,3 х 3,14м

Приложение 3
к Правилам благоустройства
территории города Алматы

2,5 х 3,5м (горизонтальный)

2 х 6м (вертикальный)