Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 05 "Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 07 шешімі. Алматы қаласы әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қазанда № 1218 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 11.04.2019 № 2 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі "Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" № 05 шешіміне (нормативтік құқықтық акті 2014 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1027 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 49-51 санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2014 жылдың 29 сәуіріндегі № 49-50 санында жарияланған) қосымшаға сәйкес өзгертулер енгізілсін.

      2. Нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде тіркеуден өткізсін.

      3. Осы шешімді Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы Р.Д. Искаковқа жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім

Б. Торғаев

  Алматы қаласы
Бостандық ауданы әкімінің
2015 жылғы 16 қазандағы № 07 шешіміне
қосымша

Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша
сайлау учаскелері

      № 230 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Каблуков көшесі, 88 үй,

      № 63 жалпы білім беру мектебі,

      телефон 395-62-00

      Шекарасы: Өтепов көшесінен бастап Радостовец көшесінің бойымен (батыс жағы) Журавлев көшесіне дейін, Журавлев көшесінің бойымен (солтүстік жағы) Розыбакиев көшесіне дейін, Розыбакиев көшесіндегі 266 үйді қоса, Розыбакиев көшесінің бойымен (батыс жағы) Байқадамов көшесіне дейін, Байқадамов көшесінің бойымен (солтүстік жағы) Каблуков көшесіне дейін, Каблуков көшесінің бойымен (батыс жағы) 129/2 үйге дейін, Каблуков көшесіндегі 117А, 119А үйлер кірмейді және 123, 129, 129/1, 129/3, 129А үйлермен қоса, және одан әрі батысқа қарай Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (шығыс жағы) Өтепов көшесіне дейін, Каблуков көшесіндегі 31-ден 87-ге дейінгі үйлерді және Өтепов көшесіндегі (солтүстік жағы) 33, 35, 37 үйлерді қоса, Өтепов көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) Радостовец көшесіне дейін.

      № 232 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Каблуков көшесі, 133 үй,

      Т. Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының

      жанындағы колледжі, телефон 395-12-48

      Шекарасы: Ходжанов көшесінен бастап Гагарин даңғылының бойымен (батыс жағы) Могилевская көшесіне дейін, Могилевская көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) Розыбакиев көшесіне дейін, Могилевская және Розыбакиев көшелерінің қиылысынан батысқа қарай Үлкен Алматы өзеніне дейін, Розбакиев көшесіндегі 273 және Хусаинов көшесіндегі 292 үйлермен қоса, және де Розыбакиева көшесіндегі 288А, 288, 290, 290А, 292, 292А, 294А, 296/23 және Хусаинов көшесіндегі 188/26, 189/28, 190, 191, 192, 193, 194, 195А, 195, 197Б, 198, 200, 203, 204/32 үйлер кірмейді, Каблуков көшесіндегі 270 үйді (1, 2, 3, 4 блок) қоса, Үлкен Алматы өзенінің бойымен солтүстікке қарай, Каблуков көшесіндегі 123, 129, 129/1, 129/3, 129А үйлер кірмейді, Каблуков көшесінің бойымен Березовский көшесіне дейін, Каблуков көшесіндегі 119А үй кірмейді және Тажибаев көшесіндегі 192/30, 194, 196, 198, 200, 202, 204, 206, 208 үйлер кірмейді, Березовский көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) Радостовец көшесіне дейін, Радостовец көшесіндегі 303А, 303, 305, 307 ч/2, 307, 309, 311, 315 үйлер және Кулешов көшесіндегі 21, 22, 22/14, 24, 26, 28, 30, 31А, 32, 33А, 33Б, 33, 34, 36, 37/18, 38/17, 39, 40/16, 54 үйлер кірмейді, Радостовец көшесінің бойымен (батыс жағы) Ходжанов көшесіне дейін, Ходжанов көшесіндегі 17 үй кірмейді, Ходжанов көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) Гагарин даңғылына дейін.

      № 251 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Марков көшесі, 28Б үй,

      № 21 гимназиясы, телефон 264-47-46

      Шекарасы: Тимирязев көшесінен бастап Минусинская көшесінің бойымен, оны қоспай, Попов көшесіне дейін, Минусинская көшесіндегі 23 үйді қоспағанда, Попов көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) Володарский көшесіне дейін, Попов көшесіндегі 2Б үйді қоса, Володарский көшесінің бойымен әл-Фараби даңғылына дейін, әл-Фараби даңғылының бойымен (солтүстік жағы) 65 үйді есепке алғанда Бальзак көшесіне дейін, Бальзак көшесінің бойымен (екі жағы) Тимирязев көшесіне дейін, Бальзак көшесіндегі 2А үй кірмейді, Тимирязев көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) Минусинская көшесіне дейін, Тимирязев көшесіндегі 30А, 32А, 32Б үйлер кірмейді.

      № 253 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22В үй,

      Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті,

      телефон 292-67-38

      Шекарасы: Байтұрсынұлы көшесінен Ғабдуллин көшесімен (солтүстік жағы), Ғабдуллин көшесі 9 үйде қоспағанда, Марков көшесіне дейін, Марков көшесімен (шығыс жағы) Бұқар жырау бульвары көшесіне дейін, Римский-Корсаков көшесі 3 үйін есепке алмағанда, Бұқар жырау бульвары көшесімен (оңтүстік жағы) Байтұрсынұлы көшесіне дейін, Байтұрсынұлы көшесімен (шығыс жағы), Байтұрсынұлы көшесіндегі 138/27 үйді қоса есептегенде Сәтбаев көшесіне дейін, Сәтбаев көшесімен (оңтүстік жағы) Сейфуллин даңғылымна дейін, Сәтбаев көшесі 20 үйін қоспағанда, Сейфуллин даңғылымен (батыс жағы) Ғабдуллин көшесінің 1-3 үйлерін қоспағанда Никитин көшесіне дейін, Никитин көшесімен (екі жағы) Байтұрсынұлы көшесіне дейін, Байтұрсынұлы көшесімен (шығыс жағы) Ғабдуллин көшесіне дейін.

      № 255 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 3А үй,

      № 23 мектеп-гимназиясы, телефон 255-86-78

      Шекарасы: Абай даңғылынан Желтоқсан көшесімен (батыс жағы) Тимирязев көшесіне дейін, Желтоқсан көшесіндегі 177А, 177Б үйлер және Абай даңғылы 24 үйді есепке алмағанда, Тимирязев көшесімен (солтүстік – батыс жағы) Байтұрсынұлы көшесіне дейін, Байтұрсынұлы көшесімен (шығыс жағы) Байтұрсынұлы көшесіндегі 138/27 үйді есептемегенде Тютчев көшесіне дейін, Тютчев көшесімен (екі жағы) Сейфуллин даңғылына дейін, Сейфуллин даңғылымен (шығыс жағы) Абай даңғылына дейін, Сәтбаев көшесі 20 үйді қоса алғанда, Абай даңғылымен (оңтүстік жағы) Желтоқсан көшесіне дейін.

      № 490 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Алатау ықшам ауданы,

      Тәуелсіздік көшесі, 33

      "№ 189 жалпы білім беру мектебі"

      Коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон 298-78-70

      Шекарасы: әл-Фараби даңғылынан бастап Витебская көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) Самал көшесіне дейін, Самал көшесінің бойымен (екі жағы) Қарасай батыр көшесіндегі үйлерді және Наурыз көшесін қоса есептемегенде шығыс бағытта Ақиық көшесіне дейін, Ақиық көшесінің бойымен (екі жағы) Мәди көшесіне дейін, Мәди көшесінің бойымен (екі жағы) Есеналиев көшесіне дейін, Есеналиев көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Болашақ көшесіне дейін (батыс жағы), Болашақ көшесінің бойымен әл-Фараби даңғылына дейін.

      № 491 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Алатау ықшам ауданы,

      Тәуелсіздік көшесі, 83,

      "Алатау" дәрігерлік амбулаториясы, телефон 298-79-31

      Шекарасы: Наурыз көшесінен бастап Қарасай батыр көшесіндегі үйлерді қоса есептегенде Қонаев көшесіне дейін, Қонаев көшесінен бастап Самал көшесінің (екі жағы) бойымен Бақшалы көшесіне дейін, Бақшалы көшесінің бойымен (екі жағы) Мирас көшесіне дейін, Мирас көшесінің бойымен Өтегенов (екі жағы) көшесіне дейін, Жұлдыз көшесі мен Бағанашыл-2 кварталын қоса, Бәйтерек көшесінің бойымен солтүстік бағытта Ақтерек көшесіне дейін, Ақтерек көшесінің бойымен (екі жағы) шығыс бағытта Мирас көшесіне дейін, Мирас көшесінің бойымен (екі жағы) солтүстік бағытта Достық көшесіне дейін, Достық көшесінің бойымен (екі жағы) шығыс бағытта Ақиық көшесінің жалғасына дейін, Ақиық көшесінің бойымен (екі жағы) солтүстік бағытта Қонаев көшесіне (екі жағы) дейін, Қонаев көшесінің бойымен (екі жағы) батыс бағытта Самал көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады