Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 1ш "Алматы қаласы Алатау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы N 1ш шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылы 27 ақпанда N 1137 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 11.04.2019 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 768 "Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы" Жарлығына сәйкес Алматы қаласы аумағына елді-мекендердің қосылуына байланысты, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 1ш "Алматы қаласы Алатау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешімінің қосымшасына (нормативтік құқықтық акті 2014 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1029 болып енгізілген, 2014 жылғы 29 сәуірде № 49-51 "Алматы ақшамы" және 2014 жылғы 1 мамырдағы № 51-52 "Вечерний Алматы" газетінде ресми жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. Осы шешімнің интернет-русурсында жария етуін қамтамасыз ету.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Б.О. Торламбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Б. Мәнізоров


  Алатау ауданы әкімінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 1ш шешіміне қосымша

Аудандық сайлау комиссиясының орталығы
Өтемісұлы көшесі, 109 үй, № 169
Жалпы білім беру мектебі,
телефон: 263-78- 88, 227-38-00

      № 11 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Ақбұлақ ықшам ауданы,

      К.Шарипов көшесі, 38 үй,№ 154

      Жалпы білім беру мектебі,

      телефон: 256-60-86

      Сайлау учаскесінің шекарасы:

      Б.Момышұлы көшесінен солтүстік бағытта Шуланов көшесіне, солтүстік-шығыс бағытта Рысқұлов даңғылына, шығыс бағытта Саин көшесіне, оңтүстік бағытта Райымбек даңғылына, батыс бағытта Б.Момышұлы көшесіне дейін.

      № 21 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Шаңырақ-1 ықшам ауданы,

      Өтемісұлы көшесі, 109 үй, № 169

      Жалпы білім беру мектебі,

      телефон: 275-83-60

      Сайлау учаскесінің шекарасы:

      Сайлау учаскесінің оңтүстік шекарасы Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 ықшам ауданының шекарасынан Қарқара көшесі бойымен шығыс бағытта Алпамыс көшесіне дейін. Алпамыс көшесінің жұп жағымен шығыс бағытта Үлкен Алматы өзеніне дейін.

      Сайлау учаскесінің шығыс шекарасы Үлкен Алматы өзені жағалауымен солтүстік бағытта Үлкен Алматы каналына дейін.

      Сайлау учаскесінің солтүстік шекарасы Үлкен Алматы каналы бойымен батыс бағытта Шаңырақ-2 және Шаңырақ-1 ықшамаудандарының шекарасына дейін.

      Сайлау учаскесінің батыс шекарасы Шаңырақ-2 және Шаңырақ-1 ықшамаудандары шекарасының Үлкен Алматы каналынан оңтүстік бағытта шекара бойымен Қарқара көшесіне дейін.

      № 23 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Ұлжан-1 ықшам ауданы,

      81 үй, №152 Жалпы білім беру мектебі,

      телефон: 227-25-04

      Сайлау учаскесінің шекарасы:

      Сайлау учаскесінің солтүстік шекарасы Үлкен Алматы каналының үлкен Алматы өзені қиылысынан шығысқа қарай Ащыбұлақ өзеніне дейін.

      Сайлау учаскесінің Шығыс шекарасы Ащыбұлақ өзенімен Үлкен Алматы каналының қиылысынан оңтүстік бағытта Бесқарағай көшесіне дейін.

      Сайлау учаскесінің оңтүстік шекарасы Ащыбұлақ өзенімен Бесқарағай көшесінің қиылысынан Бесқарағай көшесінің тақ жағымен батыс бағытта Үлкен Алматы өзеніне дейін.

      Батыс шекарасы Бесқарағай көшесімен Үлкен Алматы өзенінің қиылысынан солтүстік бағытта Үлкен Алматы өзені жағалауымен Үлкен Алматы каналына дейін.

      № 27 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Ақбұлақ ықшам ауданы,

      Шарипов көшесі, 38 үй, № 154

      Жалпы білім беру мектебі,

      телефон: 226-85-37

      Сайлау учаскесінің шекарасы:

      Рысқұлов даңғылынан Рүстемов көшесінің бойымен солтүстік бағытта, Шарипов көшесі бойымен солтүстік бағытта Әйгерім-2 және Ақбұлақ ықшамаудандарының шекарасына дейін, су қорғау аймағы жағалауымен оңтүстік бағытта Абдрашұлы көшесіне, оңтүстік бағытта Өтейбойдақ көшесіне, Өтейбойдақ көшесі бойымен оңтүстік-шығыс бағытта Рысқұлов даңғылына, батыс бағытта Рүстемов көшесіне дейін.

      № 28 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы каласы Алғабас-1

      ықшам ауданы, 1/65 үй, № 182 Жалпы

      білім беру мектебі. телефон: 248-59-62

      Сайлау учаскесінің шекарасы:

      Момышұлы көшесі (солтүстік) бойынан бастап Ақынсара көшесі (шығыс) мен "Әйгерім" ықшамауданы (оңтүстік) шекарасы бойымен Қасым Шарипов көшесі (оңтүстік) бойымен Рысқұлов даңғылына (батыс) қарай Шуланов көшесі бойымен (оңтүстік) Момышұлы көшесіне деін.

      № 30 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Шаңырақ-1 ықшам

      ауданы, Өтемісұлы көшесі,109 үй,

      № 169 Жалпы білім беру мектебі,

      телефон: 263-75-35

      Сайлау учаскесінің шекарасы:

      Сайлау учаскесінің оңтүстік шекарасы Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 ықшам ауданының шекарасынан Ақын Сара көшесі бойымен шығыс бағытта Үлкен Алматы өзеніне дейін. Сайлау учаскесінің шығыс шекарасы Үлкен Алматы өзені жағалауымен Шаңырақ-1 ықшам ауданының Ақын Сара көшесінен солтүстік бағытта Алпамыс көшесіне дейін. Сайлау учаскесінің солтүстік шекарасы Үлкен Алматы өзені жағалауынан Алпамыс көшесінің тақ жағымен Қарқара көшесіне дейін, Қарқара көшесі бойымен батыс бағытта Шаңырақ-2 және Шаңырақ-1 ықшам аудандарының шекарасына дейін. Сайлау учаскесінің батыс шекарасы Шаңырақ-2 және Шаңырақ-1 ықшам аудандарының шекарасы бойымен оңтүстік бағытта Қарқара көшесінен Ақын Сара көшесіне дейін.

      № 482 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Шаңырақ-1 ықшам

      ауданы, Өтемісұлы көшесі,73 үй, Олимпиада

      резервінің Республикалық мамандандырылған

      мектеп-интернат-колледжі,

      телефон: 245-86-73, 245-86-49

      Сайлау учаскесінің шекарасы:

      Сайлау учаскесінің оңтүстік шекарасы Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 ықшам аудандары шекарасынан, Қосағаш көшесінің бойымен оңтүстік-шығыс бағытта Шаңырақ-1 және Ұлжан ықшам ауданының шекарасына дейін.

      Сайлау учаскесінің шығыс шекарасы Шаңырақ-1 және Ұлжан ықшам ауданының шекарасы бойымен солтүстік бағытта Ақын Сара көшесіне дейін.

      Сайлау учаскесінің солтүстік шекарасы Ақын Сара көшесінің бойымен батысқа қарай Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 ықшам ауданының шекарасына дейін.

      Сайлау учаскесінің батыс шекарасы Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 ықшам ауданының шекарасынан Қосағаш көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Шаңырақ-1 ықшам ауданының Жарқынбаев көшесіне дейін.

      № 483 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Ұлжан-1 ықшам

      ауданы, Қ.Жалайыри көшесі 34 үй,

      № 23 қалалық емхана, телефон: 227-48-50

      Сайлау учаскесінің шекарасы:

      Сайлау учаскесінің солтүстік шекарасы Үлкен Алматы каналымен Ащыбұлақ өзенінің қиылысынан шығысқа қарай Тереңқара өзеніне дейін.

      Сайлау учаскесінің Шығыс шекарасы Тереңқара өзенімен Үлкен Алматы каналының қиылысынан оңтүстік бағытта Құрылысшы ықшам ауданының Кольцовая көшесіне дейін.

      Сайлау учаскесінің оңтүстік шекарасы Ащыбұлақ өзенімен Кольцевая көшесінің қиылысынан жоғарғы кернеулі электр желісі (ЛЭП) бойымен батыс бағытта Үлкен Алматы өзеніне дейін.

      Батыс шекарасы жоғарғы кернеулі электр желісінің (ЛЭП) Үлкен Алматы өзенінің қиылысынан солтүстік бағытта Үлкен Алматы өзені жағалауымен Бесқарағай көшесіне дейін. Бесқарағай көшесінің жұп жағымен шығыс бағытта Ащыбұлақ өзеніне дейін. Бесқарағай көшесімен Ащыбұлақ өзенінің қиылысынан, Ащыбұлақ өзенінің жағалауымен солтүстік бағытта Үлкен Алматы каналына дейін.

      № 484 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Ақбұлақ ықшам

      ауданы, Шуланов көшесі 159 үй, Алматы

      қаласының орталық мемлекеттік мұрағаты,

      телефон: 398-85-26

      Момышұлы көшесінен Шуланов көшесі бойымен солтүстік – шығыс бағытта Рысқұлов даңғылына дейін, Рысқұлов даңғылы бойымен шығыс бағытта Шарипов көшесіне, Шарипов көшесі бойымен солтүстік бағытта Шарифханов көшесіне, Шарифханов көшесі бойымен шығыс бағытта Рүстемов көшесіне, Рүстемов көшесі бойымен солтүстік бағытта Шарипов көшесіне, Шарипов көшесімен солтүстік бағытта ескі МТФ фермасына дейін, Шарипов көшесінен батыс бағытта Момышұлы көшесіне дейін, Момышұлы көшесінен оңтүстік бағытта Шуланов көшесінің бұрышына дейін.

      № 485 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Алғабас ықшам

      ауданы, Байдібек би көшесі, 16 үй,

      №185 Жалпы білім беру мектебі,

      телефон: 307-93-15

      Сайлау учаскесінің шекарасы:

      Алғабас ықшам ауданы толығымен кіреді.

      № 486 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Теректі ықшам

      ауданы, Мектеп көшесі,6 "б" үй,

      №184 Жалпы білім беру мектебі

      телефон: 388-40-91

      Сайлау учаскесінің шекарасы:

      Теректі ықшам ауданы толығымен кіреді.

      № 487 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы Рахат ықшам

      ауданы, Байжанов көшесі, 1 үй,

      №196 Жалпы білім беру мектебі

      телефон: 308-25-86

      Сайлау учаскесінің шекаралары:

      Рахат, Мәдениет ықшам аудандары толығымен кіреді.

      № 488 Сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы Боралдай ықшам

      ауданы, Момышұлы көшесі, 56 үй,

      №39 гимназия. телефон: 8(727)5230020

      Сайлау учаскесінің шекарасы:

      Космонавттар көшесімен Строительная көшесінің қилысынан бастап оңтүстікке қарай БЕНТ көлдері бойымен Дачная көшесімен Көксу көшесінің қилысына дейін. Көксу көшесінің бойымен батыс бағытта Саин көшесіне дейін. Саин көшесінің бойымен солтүстік бағытта Космонавттар көшесіне дейін. Космонавттар көшесінің бойымен шығыс бағытта Строительная көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады