Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің "Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" 2014 жылғы 21 сәуірдегі №01-05/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы N 01-05/1 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылы 27 ақпанда N 1133 болып тіркелді. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2019 жылғы 01 ақпандағы № 1 шешімімен күші жойылды

      Ескерту. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2019.01.02 № 1 шешімімен күші жойылды (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 37-бабына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі №01-05/3 "Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешімінің (Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 сәуірде №1031 тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінде 2014 жылдың 29 сәуірінде №49-51, "Вечерний Алматы" газетінде 2014 жылдың 29 сәуірінде №49-50 жарияланған) қосымшасына, осы шешімге берілгенқосымшаға сәйкес өзгеріс енгізілсін.

      2. Осы құқықтық нормативтік актінің интернет-ресурста орналастырылуы қамтамасыз етілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Ж.Әлияроваға жүктелсін.

      4. Осы шешім, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әуезов ауданының әкімі

А. Рақымбетов


  Алматы қаласы
Әуезов ауданы әкімінің
2015 жылғы "25" ақпандағы
№ 01-05/1 шешіміне
қосымша

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы
сайлау учаскелерi шекараларының сипаттамалары

      № 188 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050031, "Мамандандырылған қазақ-түрiк

      мектеп-лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі, Ақсай-3Б шағын ауданы, 27 үй)

      Шекаралары: Ақсай-3б шағын ауданы – түгел.

      Баянауыл шағын аудандары – түгел.

      № 207 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050031, "Мамандандырылған қазақ-түрiк мектеп-лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі, Ақсай-3Б шағын ауданы, 27 үй)

      Шекаралары: Достық шағын ауданындағы Сәдуақасов көшесінен Толстой көшесінің солтүстік жағымен, Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің шығыс жағалауымен Алматы-Бішкек трассасына дейін. Алматы-Бішкек трассасының оңтүстігімен Алтын бесік шағын ауданының шығыс шекарасына дейін. Алтын бесік шағын ауданының шығыс шекарасымен Ақсай-3б шағын ауданына дейін, содан кейін, Ақсай-3б шағын ауданының оңтүстік шекарасымен, оны қоспай, Достық шағын ауданындағы Ташкентская көшесіне дейін. Достық шағын ауданындағы Ташкентская көшесінің оңтүстік жағымен Сәдуақасов көшесіне дейін. Сәдуақасов көшесінің батыс жағымен Достык шағын ауданындағы МТФ қоса, Толстой көшесіне дейін, Алтын бесік.

      № 209 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050036, "№173 мектеп-лицейі"

      коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

      Мамыр-1 шағын ауданы, 21 үй)

      Шекаралары: Мамыр-1 шағын ауданы:

      №№ 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 27;

      Мамыр-2 шағын ауданы: №№ 1, 2, 3, 4, 5,

      6, 7, 8, 9, 10, 11, 19, 20 үйлер.

      № 210 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050036, "№173 мектеп-лицейі"

      коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

      Мамыр-1 шағын ауданы, 21 үй)

      Шекаралары: Мамыр-3 шағын ауданы түгел,

      №№ 1, 2, 2а, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 12, 13,

      14, 15, 16, 17, 18, 18а, 19, 20,

      21, 22, 23, 24 үйлер.

      Мамыр-2 шағын ауданы: №№ 12, 13,

      14, 15, 16, 18, 18А үйлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады