Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің "Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" 2014 жылғы 21 сәуірдегі №01-05/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 01-05/6 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қазанда № 1221 болып тіркелді. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2019 жылғы 01 ақпандағы № 1 шешімімен күші жойылды

      Ескерту. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2019.01.02 № 1 шешімімен күші жойылды (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі №01-05/3 "Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешімінің (Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 сәуірде №1031 тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінде 2014 жылдың 29 сәуірінде №49-51, "Вечерний Алматы" газетінде 2014 жылдың 29 сәуірінде №49-50 жарияланған) қосымшасына, осы шешімге берілген қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Аталған шешімді Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

      3. Осы құқықтық нормативтік актінің интернет-ресурста орналастырылуы қамтамасыз етілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Ж.Әлияроваға жүктелсін.

      5. Осы шешім, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әуезов ауданының әкімі

А. Рақымбетов

  Алматы қаласы
Әуезов ауданы әкімінің
2015 жылғы 16 қазандағы
№ 01-05/6 шешіміне
қосымша

Әуезов ауданындағы сайлау учаскелерi
шекараларының сипаттамалары

      № 123 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050042, "№ 72 жалпы білім

      беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі, Сүлейменов көшесi, 16 үй)

      Шекаралары: Жандосов көшесiнен Үлкен Алматы өзенiнiң батыс жағымен Тоқтабаев көшесiне дейiн. Тоқтабаев көшесiнiң солтүстiк жағымен 2–Вишневский көшесiне дейiн. 2-Вишневский көшесiнiң шығыс жағымен Таугүл – 1 шағынауданындағы №44,45 үйлерді қоспай, Карский тұйық көшесіне дейiн. Карский тұйық көшесінің шығыс жағымен Жандосов көшесiне дейiн. Жандосов көшесiнiң оңтүстiк жағымен Үлкен Алматы өзенiне дейiн.

      № 124 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050042, "№ 72 жалпы білім

      беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі, Сүлейменов көшесi, 16 үй)

      Шекаралары: Жандосов көшесiнен 2-Вишневская көшесiнiң батыс жағымен оңтүстікке қарай Таугүл-1 шағынауданындағы №44, 45 үйлерді қоса Пятницкий көшесiне дейiн. Пятницкий көшесінің солтүстік жағымен батысқа қарай Сүлейменов көшесіне дейін. Сүлейменов көшесінің шығыс жағымен Талды-Курганская көшесіне дейін. Талды-Курганская көшесiнiң солтүстік жағымен А.Шалов көшесiне (бұрынғы Мұстафин көшесі) дейiн. А.Шалов көшесiнiң (бұрынғы Мұстафин көшесінің) шығыс жағымен солтүстікке қарай Жандосов көшесiне дейiн. Жандосов көшесiнiң оңтүстiк жағымен шығысқа қарай 2-Вишневская көшесіне дейiн.

      № 130 сайлау учаскесi

      (орта орталығы: 050042, "А.Байтұрсынов атындағы

      № 139 мектеп-гимназиясы" коммуналдық

      мемлекеттік мекемесі, Черепанов көшесi, 14 үй)

      Шекаралары: Талды-Курганская көшесінен А.Шалов көшесiнiң (бұрынғы Мұстафин көшесі) шығыс жағымен Тоқтабаев көшесiне дейiн.Тоқтабаев көшесiнiң солтүстiк жағымен шығысқа қарай (Тоқтабаев көшесіндегі № 7 үйді, Сүлейменов көшесіндегі №№ 24-Б, 26-А үйлерді және Таугүл шағынауданындағы №59 үйді қоса) Сүлейменов көшесіне дейін. Сүлейменов көшесінің батыс жағымен солтүстікке қарай Талды-Курганская көшесiне дейiн. Талды-Курганская көшесінің оңтүстiк жағымен батысқа қарай А.Шалов көшесiне (бұрынғы Мұстафин көшесі) дейiн.

      № 132 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050052, "Қ.И. Сәтбаев атындағы

      Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті"

      коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы

      Алматы қаласы, Ладыгин көшесі, 34 үй)

      Шекаралары: Жандосов көшесінен Щепкин көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай Пятницкий көшесіне дейін. Пятницкий көшесінің солтүстік жағымен Пятницкий көшесіндегі №№ 71, 77, 79, 81 үйлерді қоспай батысқа қарай Саин көшесіне дейін. Саин көшесінің шығыс жағымен солтүстікке қарай Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің оңтүстік жағымен шығысқа қарай Щепкин көшесіне дейін.

      № 133 сайлау учаскесi

      ( орталығы: 050052, "А.Байтұрсынов атындағы

      № 139 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі, Черепанов көшесi, 14 үй)

      Шекаралары: Пятницкий көшесінен 2-Вишневский көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай Тоқтабаев көшесіне дейін. Тоқтабаев көшесінің солтүстік жағымен Сүлейменов көшесіне дейін. Сүлейменов көшесінің шығыс жағымен (Тоқтабаев көшесіндегі №7 үйді, Сүлейменов көшесіндегі №№24-Б, 26-А үйлерді және Таугүл шағынауданындағы №59 үйді қоспай) Пятницкий көшесіне дейін. Әрі қарай Пятницкий көшесінің оңтүстік жағымен шығысқа қарай 2-Вишневский көшесіне дейін.

      № 144 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050035, "Қазақ мал шаруашылығы

      және мал азығы өндірісі ғылыми зерттеу

      институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,

      Жандосов көшесi, 51 үй)

      Шекаралары: 11 шағынаудан: №№ 1, 3, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 37, 38, Жандосов көшесiндегi №№ 47, 47/1, 49 үйлер.

      № 161 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050062, "№ 104 жалпы білім

      беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі, 2 шағынаудан, 59-А үй)

      2 шағынаудан: №№ 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 38а, 40, 41, 42 үйлер.

      № 176 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050062, "Т.Рысқұлов атындағы

      Қазақ экономика университетінің филиалы"

      акционерлік қоғамы, Саин көшесі, 81-А үй)

      Шекаралары: 3 шағынаудан: №№ 1, 2, 3, 4, 5, 5-а, 6, 40, 41, 42, 42-а, 43, 43-а, 44, 45, 46, 47, 63, 63-а, 64, 65; Саин көшесіндегі жатақхана орналасқан №83 үйді қоса, 4 шағынаудандағы: №№ 19,20 үйлер.

      № 177 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050062, "№ 111 гимназия

      коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

      1 шағынаудан, 71 үй)

      Шекаралары: Саин көшесіндегі жатақхана орналасқан №83 үйді қоспай, 1 шағынаудандағы №№ 21, 21а, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39а, 75, 78

      № 197 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050063, "№ 141 жалпы білім

      беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі, Жетiсу-2 шағынауданы, 8-Б үй)

      Шекаралары: Жетiсу-2 шағынауданы: №№ 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25, 26, 27, 28, 29 үйлер.

      № 198 сайлау учаскесі

      (орталығы: 050063, "№ 117 жалпы білім

      беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі, Жетысу-2 шағынауданы, 2 үй)

      Шекарасы: Жетысу-1 шағынауданы № 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29 үйлер.

      № 200 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050063, Қазақ жол қатынастары

      университеті, Жетiсу-1 шағынауданы, 32-А үй)

      Шекаралары: №1, 2, 3 үйлерді қоспай Жетiсу-3 шағынауданы – түгел.

      № 201 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050063, "№155 жалпы білім беретін

      мектеп" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі, Достық шағынауданы,

      Садуақасов көшесi, 29 үй)

      Шекаралары: Жетiсу-4 шағынауданы – түгел.

      № 202 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050063, "Әлеуметтік мекемелердің

      түлектерін бейімдеу және қолдау орталығы

      "Жастар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

      Жетiсу-2 шағынауданы, 79 үй)

      Шекаралары: Жетісу-2 шағынауданы: №№ 56, 57, 58, 59,60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 70а, 71, 72,73, 74, 75, 76, 77, 78 үйлер.

      № 203 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050063, Қазақ жол қатынастары

      университеті, Жетiсу-1 шағынауданы, 32-А үй)

      Шекаралары: Жетісу-3 шағынауданындағы 1, 2, 3 үйлерді қоса, Жетісу-1 шағынауданындағы №№ 30, 31, 32, 33, 33А, 34, 35, 36, 37, 38, 40, 41, 42, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55 үйлер.

      № 204 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050063, "Шарушылық жүргізу

      құқығындағы №15 қалалық емхана" мемлекетік

      коммуналдық мекемесі, Яссауи көшесi, 66-А үй)

      Шекаралары: Достық шағынауданындағы Толстой көшесiнен Садуақасов көшесiнiң батыс жағымен Құрманғазы көшесiне дейiн. Құрманғазы көшесiнiң солтүстiк жағымен Достық шағынауданының батыс шекарасына дейiн. Достық шағынауданының батыс шекарасымен Достық шағынауданындағы Толстой көшесiне дейiн. Достық ықшамауданындағы Толстой көшесiнiң оңтүстiк жағымен Садуақасов көшесiне дейiн.

      № 208 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050036, "Алматы қаласы жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

      "Алматы қалалық Ардагерлер үйi" коммуналдық

      мемлекеттік мекемесі, Мамыр-7 шағынауданы, 8-А үй)

      Шекаралары: Мамыр-1 шағынауданындағы №№ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 18, 19, 20 үйлерді қоса, Мамыр-7 шағынауданы – түгел.

      № 209 сайлау учаскесi

      (орталығы: 050036, "№173 мектеп-лицейі"

      коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

      Мамыр-1 шағынауданы, 21 үй)

      Шекаралары: Мамыр-1 шағынауданы: №№ 11, 12, 14, 15, 16, 17, 27, 29, 29/1, 29/2, 29/3, 29/4, 29/5, 29/6, 29/7, 29/8. Мамыр-2 шағынауданы: №№ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 19, 20 үйлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады