"Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 354 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 115 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 сәуірде N 3239 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы N 309 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 20.08.2015 N 309 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
       "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 354 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2965 болып тіркелді, 2014 жылғы 18 қарашада "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ветеринариялық анықтама беру", мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді:
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) рассмотрение предоставленных документов, проведение ветеринарного осмотра животного, продукции и сырья животного происхождения, запись результатов ветеринарного осмотра в ветеринарной справке (ответственный исполнитель);".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
Е. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады