Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 357 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қазанда N 3412 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 19.05.2020 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 357 қаулысына қосымша

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы

Атауы

Мекенжайы

1.

Жеке кәсіпкер "Ахметова С.С." "Караван" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Мир көшесі, 246

2.

"Алтын Адал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сауда базары

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Астана көшесі, 30 А

3.

Жеке кәсіпкер "Гладкий А.В." "Орталық Базар" жаппалы әмбебап сауда базары

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Янко көшесі, 40

4.

Жеке кәсіпкер "Зайцева Г.А." "Буратино" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 22

5.

Жеке кәсіпкер "Белоножко В.А." "Страна товаров" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Астана көшесі, 22


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады