Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2015-2017 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізімін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 6 қарашадағы N 39/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қарашада N 3452 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі N 2/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 19.04.2016 N 2/4 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       "Концессия туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мемлекеттік меншікке жататын, орта мерзімдік кезеңдегі (2015-2017 жылдар) концессияға ұсынылатын объектілер тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың
      ХХХІХ сессиясының төрағасы,
      облыстық мәслихаттың хатшысы Қ. Едіресов

  Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 6 қарашадағы № 39/3 шешіміне қосымша

Коммуналдық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңге (2015-2017 жылдарға) концессияға ұсынылған объектілер тізбесі

№ р/с
Наименование
1. Концессия шарты негізінде реконструкция және пайдалануға беру жүзеге асырылатын мемлекеттік меншіктің қолда бар объектілері
2. Концессия шарты негізінде құру және пайдалануға беру жүзеге асырылатын объектілер
1)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Береке" шағын ауданында Московский өтпежолы бойында 140 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
2)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Орман" шағын ауданында 140 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру
3)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Юбилейная көшесі бойында 90 орынға арналған балабақша салу және пайдалануға беру

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады