Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тарихи-мәдени мұра объектілері құрылысын салуды реттеу аймақтарының, қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 6 қарашадағы N 39/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қарашада N 3476 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 43/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының 28.05.2020 № 43/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тарихи-мәдени мұра объектілері құрылысын салуды реттеу аймақтарының, қорғау аймақтарының шекаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
XXХІХ сессиясының төрағасы,
облыстық мәслихаттың
хатшысы
Қ. Едіресов

  Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 6 қарашадағы № 39/4 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының шекаралары

№р/с

Ескерткіштің атауы

Ескерткіштің түрі

Ескерткіштің мекенжайы

Қорғау аймағының аланы

Құрылыс салуды реттеу алаңы

1

"XIX ғасырдың аяғындағы көпес Шафеевтың үйі" тарихи-мәдени мұра объектісін қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағы мен қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары

Қала құрылысы және сәулет өнері

Қазақстан Конституциясы көшесі, 24

3280,0 м2

16000,0 м2

2

"XIX ғасырдың аяғындағы көпес Шафеевтың дүкені" тарихи-мәдени мұра объектісін қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағы мен қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары

Қала құрылысы және сәулет өнері

Қазақстан Конституциясы көшесі, 22

4185,0 м2

17200,0 м2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады