Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы N 484 бірлескен қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы N 40/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қаңтарда N 3560 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы аудандық өкілетті және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес барлық тұрғындары көшіп кеткен немесе қоныстанған, Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бірлігі таратылсын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық атқарушы органдары таратылған әкімшілік-аумақтық бірліктерді деректер есебінен шығаруды қамтамасыз етсін.
      3. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің осы бірлескен қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың шешімі алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың хатшысы
Қ. Едіресов
      Солтүстік Қазақстан
облысытық мәслихаттың
ХХХХ сессиясының төрағасы
А. Сапаров

  Бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 484 қаулысына және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/5 шешіміне қосымша

Барлық тұрғындары көшіп кеткен немесе қоныстанған, Солтүстік Қазақстан облысының таратылған әкімшілік-аумақтық бірлігінің тізбесі

Реттік №
Аудандардың атауы
Ауылдық округтер атауы
Барлық тұрғындары көшіп кеткен немесе қоныстанған, әкімшілік-аумақтық бірліктер атауы
1
Айыртау
Сырымбет
Качиловка
2
Айыртау
Елецкое
Кругловка
3
Айыртау
Гусаков
Красный кордон
4
Есіл
Торанғұл
Сарыкөл
5
Тайынша
Большой Изюм
Приречное

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады