"Петропавл қаласының Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 1197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 1457 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 қыркүйекте N 3386 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 665 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 10.04.2017 № 665 қаулысымен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Петропавл қаласының Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 1197 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3334 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 тамызда қалалық "Қызылжар нұры", "Проспект СК" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Петропавл қаласының Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ережесінің 17-тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "17. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметтері:
      жануарларды асырау ережелері, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелері, қаңғыма иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелері, жануарларды асырайтын санитарлық аймақтың шекарасын белгілеу бойынша ұсыныс ережелерін бекіту үшін облыстың жергілікті өкілетті органына енгізу.
      қаңғыма иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      мал қорымын (биотермикалық шұңқыр) құруды ұйымдастыру және оларды ветеринариялық (ветеринария-санитарлық) талаптарға сәйкес асырауды қамтамасыз ету;
      өткізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы мүдделі адамдарға ақпараттың берілуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
      ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру және өткізу;
      жануарларды өсіру, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық дәрі-дәрмектерді, жем-шөп, жем-шөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (жұққыштығын жою) және қайта өндеу;
      иесіне жануарлар мен адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды алып тастаусыз, жануар тегінің өнімі мен шикізатын қайта өңдеу мен залалсыздандыру (жұққыштығын жою) құнын өтеу;
      қаланың жергілікті атқарушы органына Петропавл қаласының аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
      қаланың жергілікті атқарушы органына Петропавл қаласының аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарын сақтау тұрғысында мемлекеттік ветеринария-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарларды өсіру, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңарту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринария-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринария-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
       ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
       ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді".
      2. "Петропавл қаласының Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуші органды хабардар етсін.
      3. Қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Петропавл қаласының әкімі М. Тасмағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады