"Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 1872 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қарашада N 3478 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 874 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 22.06.2018 № 874 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 124-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі – Ереже) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. Қоса берілген Ереже жаңа редакцияда бекітілсін.

      3. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қабылданған шешім туралы тіркейтін органды хабардар етсін.

      4. Қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Тасмағанбетов

  Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 1872 қаулысымен бекітілді

"Петропавл қаласының жер қатынастары бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласына басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және жер қатынастары төңірегіндегі қызметті жүзеге асыратын Петропавл қаласы аумағында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

      2. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастар жағынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан түсуге құқығы бар.

      7. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзырындағы мәселелер бойынша белгіленген заңнама тәртібінде "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды

      8. Бөлімнің штат санының құрылымы мен лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Бөлімнің заңды мекен-жайы: 150000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы:

      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел земельных отношений города Петропавловска";

      қазақ тілінде - "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы ереже "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады, құрылтайшысы Петропавл қаласының әкімдігі болып табылады.

      12. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      13. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылатын міндеттерді орындауда келісім-шарт қатынастарын жасауына тыйым салынады.

      Егер "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнама актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, қызметі, құқығы және міндеті

      14. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жерді тиімді пайдалану үшін жағдайлар жасау, Петропавл қаласы аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу.

      15. Міндеттері:

      1) жер заңнамасын, қалалық өкілетті және атқарушы органдардың шешімдерін орындау;

      2) мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапалы көрсету;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

      16. Қызметі:

      1) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жұмыстарын ұйымдастыру;

      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      3) жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсаттарын өзгерту туралы Петропавл қаласы жергілікті атқарушы органдарының шешім жобаларын және ұсыныстарын әзірлеу;

      4) мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иесіздендіру бойынша ұсыныстар дайындау;

      пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзумен пайдаланылатын жерлерді,

      5) жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін анықтау;

      6) мемлекетпен жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

      7) жерге орналастыруды ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      8) Петропавл қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын, ұтымды пайдалану бойынша жобалар мен сызбаларды дайындауды ұйымдастыру;

      9) Петропавл қаласы аумағында жер-шаруашылық орнату жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      10) жер саудаларын (аукциондар, конкурстар) өткізуді ұйымдастыру;

      11) жерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын қалалық маңызы бар жобалар мен сызбаларға сараптама өткізу;

      12) Петропавл қаласы жерлерінің теңгерімін құру;

      13) жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының өзге де субъектілерін есепке алу;

      14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне паспорттар беру;

      15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын және жалдау шарттарын және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасау және жасалған шарттардың талаптарын орындауға бақылауды жүзеге асыру;

      16) Жер кодексіне сәйкес зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдарының рұқсат беруіне ұсыныстар дайындау;

      17) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру бойынша ұсыныстар дайындау;

      18) пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзумен пайдаланылатын жерлерді анықтау;

      19) жерлерді резервке қою бойынша ұсыныстар дайындау;

      20) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

      21) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдарды және құжаттарды белгіленген тәртіппен сұрау және алу;

      2) заңнама актілерімен көзделген негіздер бойынша жер учаскелеріне меншік құқығын және уақытша жер пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстарды атқарушы органдардың қарауына енгізу;

      3) "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен оған берілген басқа да құқықтарға және міндеттерге ие.

3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бірінші басшы басшылық етеді, "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға тікелей жауап береді.

      19. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      20. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасары бар, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      21. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі мен міндеттері:

      1) "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан әрекет жасайды;

      2) "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық ұйымдарда қорғайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайлар мен шеңберде мүлікке өкімдік етеді;

      4) келісім-шарттар жасайды;

      5) сенімхаттар береді;

      6) "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      7) "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық жұмысшылары үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жұмысқа қабылдайды және қызметкерлерді жұмыстан босатады;

      9) "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне марапаттау шараларын қолданады және тәртіптік жаза салады;

      10) "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауап береді;

      11) "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      12) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдемелері туралы заңнаманы сақтауды қамтамасыз етеді;

      13) мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуіне дербес жауап береді;

      14) "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауларына тікелей жауап береді;

      15) жеке тұлғаларды және заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдайды;

      16) "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;

      17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде, оның өкілеттігін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.

      22. Бірінші басшы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің орынбасарының өкілеттігін белгілейді.

      23. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Құрылтайшысымен бірге бірыңғай құрылымды жасайды, өз қызметін Құрылтайшымен жүктелген өкілеттіктері шеңберінде ұйымдастырады.

      24. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келісім-шарт негізінде шарттар жасауға құқылы, сонымен қатар келісім-шарт негізінде жұмысшыларды тартуға құқылы, олармен өзара қатынастар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.

      25. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес басшымен белгіленеді.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      26. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда ерекше мүлкі болуы мүмкін.

      "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесімен берілген, мүлік есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тыйым салынбаған заңнамасымен өз қызметі нәтижесінде және өзге де көздерден сатып алынған мүлік (ақша кірістерін қоса алғанда) есебінен қалыптасады.

      27. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      28. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің оған бекітілген мүлікті және өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленбеген болса, қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз еркімен иесіздендіруге немесе басқа тәсілмен өкімдік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      29. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (жою) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады