Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын анықтау және сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 80 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 наурызда N 3138 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы N 139 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 05.05.2015 N 139 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аққайың аудандық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың барлығына Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары 1 қосымшаға келісті анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың Аққайың ауданының аумағында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде 2 қосымшаға келісті үй-жай ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы С.Қ. Сарсымбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аққайың ауданы әкімінің м.а. Е. Жақыпов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың аудандық сайлау
комиссияның төрағасы
2015 жылғы 02 наурыз
О. Плищенко

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы № 80 қаулысына 1 қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың барлығына Аққайың ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

р/с №
Елді мекен атауы
Орналастыру орындары
Астраханка ауылдық округі
1
Астраханка ауылы
"Виктория" дүкені ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
Аралағаш ауылдық округі
3
Аралағаш ауылы
"Нұралы" дүкені ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
Власовка ауылдық округі
3
Власовка ауылы
"Лидия" дүкенінің жанындағы ақпараттық стенд
Григорьевка ауылдық округі
4
Трудовое ауылы
"Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ауылдық клубы ғимараттарының жанындағы ақпараттық стенд
Ивановка ауылдық округі
5
Ивановка ауылы
"Меркурий" дүкені ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
Қиялы ауылдық округі
6
Қиялы ауылы
"Қиялы Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің асханасы ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
Лесной ауылдық округі
7
Ленинское ауылы
"Астана" дүкені ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
Полтавка ауылдық округі
8
Полтавское ауылы
"Полтавское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің ғимараты жанындағы ақпараттық стенд
Смирново ауылдық округі
9
Смирново ауылы
"Паллада" дүкені ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
Тоқшын ауылдық округі
10
Тоқшын ауылы
"Кулинария" дүкені ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
Шағалалы ауылдық округі
11
Шағалалы ауылы
"Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық стансасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесі ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
Черкасс ауылдық округі
12
Черкасское ауылы
"Черкасское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы № 80 қаулысына 2 қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың Аққайың ауданының аумағында сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай

р/с №
Елді мекен атауы
Кездесулерді өткізу орны
1
Аралағаш ауылы
"Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ауылдық клубының ғимаратында
2
Рублевка ауылы
"Рублевка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
3
Астраханка ауылы
"Астрахан орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
4
Қаратомар ауылы
"Астрахан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ауылдық клубының ғимаратында
5
Власовка ауылы
"Власовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
6
Шағалалы ауылы
"Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Мәдениет үйінің ғимаратында
7
Трудовое ауылы
"У.М.Ахмедсафин атындағы Совет орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
8
Ивановка ауылы
"Ивановка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
9
Қиялы ауылы
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Аққайың ауданының аграрлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
10
Ленинское ауылы
"Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Мәдениет үйінің ғимаратында
11
Полтавка ауылы
"Полтавка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
12
Смирново ауылы
Аққайың ауданы әкімдігінің "Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ғимаратында
13
Тоқшын ауылы
"Тоқшын мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында
14
Черкасское ауылы
"Черкасский орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады