Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы азаматтарының жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 276 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда N 3516 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы N 18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 18.01.2016 N 18 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңың 7 бабының 5-2), 5-6) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңың 31 бабының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аққайың ауданы бойынша жұмыс орындарына:
      1) жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін;
      2) жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сонымен бірге қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған тұлғалар үшін;
      3) жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің орынбасары С.Ө. Мұқановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданының әкімі
Д. Байтөлешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады