Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 1 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 11 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда N 3168 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2016 жылғы 22 ақпандағы N 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 22.02.2016 N 15 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 1 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (нормативтiк құқықтық кесiмдерді мемлекеттiк тiркеудің Тiзiлiмiне № 3130 болып тіркелген, "Айыртау таңы", "Айыртауские зори" газеттерінде 2015 жылғы 19 наурызда жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында бесінші абзац келесі редакцияда баяндалсын:
      "№ 5 сайлау учаскесі
      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Мүгедектер үйі аумағы, № 3 тұрғын үй № 8 пәтер, телефон 8715(33)51540 (келісім бойынша); сайлау учаскесінің шекарасы: Красногорка ауылы, Мүгедектер үйі аумағы, Галицино ауылы.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Айыртау ауданы әкімі аппаратының басшысы Қ.С.Қайнетовке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Тастеміров
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
2015 жылғы 19 наурыз
Е.Мерғасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады