"Есіл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 5 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 05 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 ақпанда N 3120 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 04.01.2019 № 01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. "Есіл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 27 ақпанда № 2576 санымен тіркелген, 2014 жылғы 7 наурыздағы № 11 (412) "Есіл таңы" газетінде, 2014 жылғы 7 наурызда № 11 (8698) "Ишим" газетінде жарияланған) өзгертулер енгізілсін:

      1 тармақта:

      1) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1) 127 сайлау учаскесі.

      Орталық Өрнек ауылы, "Есіл ауданының атақты ақын Есләм Зікібаев атындағы Өрнек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында. Өрнек ауылының шекарасында.";

      4) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4) № 130 сайлау учаскесі.

      Орталық Поляковка ауылы, Манаш Жақсылыққызы Темірғалиеваның үйі Ветеранов көшесі, 7 (келісім бойынша). Поляковка ауылының, Калиновка ауылының шекарасында.";

      6) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "6) № 132 сайлау учаскесі.

      Орталық Бесқұдық ауылы, "Бесқұдық негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында. Бесқұдық ауылының шекарасында.";

      7) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "7) № 133 сайлау учаскесі.

      Орталық Алабие ауылы, "Алабие бастауыш мектебі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің ғимаратында. Алабие ауылының шекарасында.";

      8) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "8) № 134 сайлау учаскесі.

      Орталық Черуновка ауылы, "Черуновка бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында. Черуновка ауылының шекарасында.";

      14) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "14) № 140 сайлау учаскесі.

      Орталық Лузинка ауылы, "Лузинка бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында. Лузинка ауылының шекарасында.";

      20) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "20) № 146 сайлау учаскесі.

      Орталық Тонкошуровка ауылы, "Тонкошуровка бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында. Тонкошуровка ауылының шекарасында.";

      22) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "22) № 148 сайлау учаскесі.

      Орталық Александровка ауылы, "Александровка негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратында. Александровка ауылының шекарасында.";

      27) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "27) № 153 сайлау учаскесі.

      Орталық Спасовка ауылы, "Спасовка негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында. Спасовка ауылының шекарасында.";

      31) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "31) № 157 сайлау учаскесі.

      Орталық Бірлік ауылы, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Явленка орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны" Бірлік ауылы медициналық пункті бөлмесінде (келісім бойынша). Бірлік ауылының шекарасында.";

      35) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын.

      "35) № 161 сайлау учаскесі.

      Орталық Есіл ауылы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Есіл су" филиалы кеңсесінің ғимаратында (келісім бойынша). Есіл ауылының шекарасында.";

      44) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "44) № 170 сайлау учаскесі.

      Орталық Жаңалық ауылы, Ораз Ибатұлы Сүлейменовтің үйі, Темірбаев көшесі, 9 (келісім бойынша). Жаңалық ауылының, Орталық ауылының шекарасында.";

      47) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "47) № 173 сайлау учаскесі.

      Орталық Жарғайың ауылы, "Жарғайың бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында. Жарғайың ауылының шекарасында.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппарат басшысы А.Ю.Кравчукке жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының әкімі
М.Әбішев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
2015 жылғы 25 ақпан
Қ.Б.Рахиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады