"Есіл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 5 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімінің 2015 жылғы 27 қазандағы N 28 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 қарашада N 3448 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 04.01.2019 № 01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. "Есіл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 27 ақпанда № 2576 тіркелген, 2014 жылғы 7 наурыздағы № 11 (412) "Есіл таңы" газетінде, 2014 жылғы 7 наурыздағы № 11 (8698) "Ишим" газетінде жарияланды) келесі өзгертулер енгізілсін:

      1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Есіл ауданының аумағында 47 сайлау учаскелері келесі шекараларда құрылсын:";

      1 тармақта:

      13) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "13) № 139 сайлау учаскесі.

      Орталығы Ивано-Петровка ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Ивано-Петровка бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналасқан. Ивано-Петровка ауылының шекарасында.";

      15) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "15) № 141 сайлау учаскесі.

      Орталығы Чириковка ауылы, "Чириковка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналасқан. Чириковка ауылы, Луговое ауылы, Гурьяновка ауылы, Жаңалық ауылы, Орталық ауылы шекараларында орналасқан.";

      32) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "32) № 158 сайлау учаскесі.

      Орталығы Жекекөл ауылы, Центральная көшесі 2, Ербол Шаймерденұлы Сералиннің үйі (келісім бойынша). Жекекөл ауылының шекарасында.";

      33) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "33) № 159 сайлау учаскесі.

      Орталығы Оседлое ауылы, Мир көшесі 3, Қайсар Өмірбайұлы Осиповтың үйі (келісім бойынша). Оседлое ауылының шекарасында.";

      44) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппарат басшысы А.Ю.Кравчукке жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының әкімі
М.Әбішев
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
Солтүстік Қазақстан
облысы Есіл аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
2015 жылғы 27 қазан
Қуанышбай Баяхметұлы Рахиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады